Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдарымен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Эталондық бақылау нормативтік-құқықтық актілер банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2023 жылғы "___" _________
№ __ бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдарымен жабдықтаудың заттай нормалары

р/с №

Заттай норманың атауы

Өлш. бірл.

Сандық мәндегі нормасы

Қызмет ету (қолданылу) мерзімін, жыл

Пайдалану мерзімі, жыл

Запаста сақталу мерзімін, жыл

Заттай нормалардың таралу саласы

Заттай нормалардың қолданылу саласы

1 - тарау. Жеке қорғану құралдары

1 - параграф. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары

1.

Сүзгіш газқағар

дана

1

10

10

25

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің, азаматтық персоналының штат санының 110% - ына

Тыныс алу органдарын, көзді, адамның бетті жауынгерлік улы заттардан, радиоактивті шаңнан, биологиялық аэрозольдерден және күшті әсер ететін улы заттардан қорғау үшін

2.

Сүзгіш газқағарларға арналған қосымша патрон (сүзгіш қорап)

дана

1

-

-

25

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшесінің штат санының 100% - ына

Адамды көміртегі тотығынан (улы газдан) және басқа да күшті әсер ететін улы заттардан қорғау үшін, пайдаланылатын газқағардың қорғау әрекетінің уақытын ұлғайту үшін

3.

Оқшаулағыш газқағар (тыныс алу аппараты)

дана

1

6

6

25

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшесінің штат санының 100% - ына

Қауіпті өндірістік объектілерде өрт сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде тыныс алу органдарын, көзді, адамды улы және түтінді газ ортасының, атмосферадағы зиянды заттардың шоғырлануына қарамастан, олардың әсерінен қорғау үшін

4.

Респиратор

дана

1

5

5

8

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің, азаматтық персоналының штат санының 100% - ына

Газдар, аэрозольдер және шаң түріндегі зиянды заттардың әсерінен қорғау үшін

2 - параграф. Теріні жеке қорғау құралдары

5.

Оқшаулағыш түрдегі қорғау костюмі

жиынтық

1

6

6

25

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің, азаматтық персоналының штат санының 100% - ына

Адамның терісін, киімін, аяқ киімін жауынгерлік улы заттардан, радиоактивті шаңнан, биологиялық аэрозольдардан және күшті әсер ететін улы заттардан қорғау үшін. Костюм бірнеше рет қолданылады

1

6

6

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшесінің штат санының 100% - ына

Адамның терісін, киімін, аяқ киімін жауынгерлік улы заттардан, радиоактивті шаңнан, биологиялық аэрозольдардан және күшті әсер ететін улы заттардан қорғау үшін. Костюм сығылған ауада тыныс алу аппаратымен пайдалануға арналған

6.

Қайта пайдалануға болатын биологиялық қорғау костюмі

жиынтық

1

6

6

25

Құтқару бөлімшесінің, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшесінің штат санының 100% - ына

Адамды аса қауіпті инфекцияларды жұқтырудан қорғау үшін

7.

Радиациядан қорғайтын киім

жиынтық

1

6

6

25

Құтқару бөлімшесінің, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшесінің штат санының 100% - ына

Радиациядан қорғау үшін

2 - тарау. Ұжымдық қорғау құралдары

8.

Сүзгілеу-желдету агрегаты (қондырғы)

жиынтық

1

8

8

20

Басқару пунктіне

Атмосфералық ауаны улағыш заттардан, радиоактивті шаңнан, биологиялық аэрозольдардан, қатты әсер ететін улы заттардан тазарту және оны басқару пунктіне беру үшін

3 - тарау. Радиациялық, химиялық және биологиялық барлау, дозиметриялық бақылау құралдары

1 - параграф. Радиациялық барлау құралдары

9.

Дозаның қуат өлшегіші, стационарлық

жиынтық

1

8

8

25

Азаматтық қорғау органының басқару пунктіне, кезекші қызметіне

Жергілікті жерге үздіксіз радиациялық бақылау жүргізу үшін

10.

Радиациялық барлау (тасымалды) құрал

жиынтық

3

8

8

25

Радиациялық, химиялық және биологиялық барлау бөлімшесіне

Ластанған жерде радиациялық барлау жүргізу үшін

2 - параграф. Химиялық барлау құралдары

11.

Тасымалданатын химиялық барлау құралы (газталдағыш)

жиынтық

3

8

8

25

Радиациялық, химиялық және биологиялық барлау бөлімшесіне

Залалданған жерде химиялық барлау жүргізу үшін

12.

Қауіпті химиялық заттарды анықтауға арналған химиялық детектор (киілетін)

жиынтық

1

6

6

25

Азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің құтқару бөлімшесіне

Ауадағы қауіпті химиялық заттардың анықталғаны туралы сигналды анықтау және беру үшін

Өрт сөндіру есебінің бөлімшесіне

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшесінің штат санының 100% - ына

3 - параграф. Биологиялық барлау құралдары

13.

Биологиялық барлау (тасымалды) аспабы

жиынтық

3

8

8

25

Радиациялық, химиялық және биологиялық барлау бөлімшесіне

Зарарланған жерде биологиялық (спецификалық емес) барлау жүргізу үшін

4 - параграф. Дозиметриялық бақылау құралдары

14.

Тікелей көрсететін жеке дозиметр

дана

1

6

6

25

Азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің құтқару бөлімшесіне

Дозиметриялық және радиометриялық бақылау үшін

Өрт сөндіру есебінің бөлімшесіне

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшесінің штат санының 100% - ына

15.

Жеке дозиметр

дана

1

6

6

25

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің, азаматтық персоналының штат санының 100% - ына

Иондаушы сәулелену әсеріне ұшырайтын жеке құрамның сәулеленуін бақылау үшін

16.

Жеке дозиметрлерге арналған өлшеу құрылғысы (оқығыш)

жиынтық

1

10

10

25

Медициналық пунктке

Жеке дозиметрлерден көрсеткіштерді оқу үшін

4 - тарау. Арнайы өңдеу құралдары

17.

Газсыздандыруды, дезактивациялауды, дезинфекциялауды жүргізуге арналған жиынтық

жиынтық

1

6

6

30

Әскери техниканың 1 бірлігіне

Әскери техниканы газсыздандыруды, дезактивациялауды және дезинфекциялауды жүргізу үшін

5 - тарау. Радиациялық, химиялық және биологиялық барлаудың техникалық құралдары

18.

Радиациялық, химиялық және биологиялық барлаудың ұшқышсыз ұшу аппараты

жиынтық

1

7

7

10

Радиациялық, химиялық және биологиялық барлау бөлімшесіне

Ауадан радиациялық, химиялық және биологиялық барлауды қашықтықтан жүргізу үшін

19.

Роботтандырылған радиациялық, химиялық және биологиялық барлау кешені

жиынтық

1

10

10

10

Радиациялық, химиялық және биологиялық барлау бөлімшелеріне

Жергілікті жерді радиациялық, химиялық және биологиялық барлауды қашықтықтан жүргізу үшін

6 - тарау. Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаудың шығыс құралдары

20.

Газқағарларды техникалық тексеруге арналған зат (хлорпикрин)

грамм

40

-

-

5

Азаматтық қорғау органдарының әрбір қызметкеріне, әскери қызметшісіне, азаматтық персоналына

Сүзгіш газқағарлардың дұрыстығын тексеруге пайдалану үшін

21.

Химиялық дабыл сигналы

дана

12

-

-

7

Радиациялық, химиялық және биологиялық барлау автомобильіне (машинасына)

Химиялық дабылдың дыбыстық және жарық сигналдарын беру үшін

5

Азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің құтқару ротасына

22.

Индикаторлық және шығыс құралдарының жиынтығы

жиынтық

4

-

-

8

Радиациялық, химиялық және биологиялық барлау аспабына

Радиациялық, химиялық және биологиялық барлау аспаптарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін

23.

Аспаптар мен жинақтарға қоректендіру көздері

жиынтық

4

-

-

2

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау аспабына, жиынтығына

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау аспаптарының, жиынтықтарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін

24.

Газсыздандыру құралы

килограмм

50

-

-

30

Авто құю станциясына

Газсыздандыруда техниканы, мүлікті және басқа объектілерді пайдалану үшін

1




Арнайы өңдеу жиынтығына

1000




Азаматтық қорғаныс әскери бөліміне

25.

Дезактивациялаушы құрал

килограмм

50

-

-

30

Авто құю станциясына

Техниканы, мүлікті және басқа да объектілерді дезактивациялауда пайдалану үшін

1

Арнайы өңдеу жиынтығына

1000

Азаматтық қорғаныс әскери бөліміне

26.

Дезинфекциялық құрал

килограмм

50

-

-

30

Авто құю станциясына

Техниканы, мүлікті және басқа да объектілерді дезинфекциялауға пайдалану үшін

1

-

-

Арнайы өңдеу жиынтығына

1000

-

-

Азаматтық қорғаныс әскери бөліміне

27.

Жеке газсыздандыру құралдары (жеке химияға қарсы пакет)

дана

1

-

-

30

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің, азаматтық персоналының штат санының 100% - ына

Ішінара санитарлық өңдеу жүргізу үшін

28.

Түтін шашкасы (қолмен түтін гранатасы)

дана

200

-

-

10

Азаматтық қорғаныс әскери бөліміне

Сигнал беру, объектілерді бүркемелеу және орнын көрсету үшін

7 - тарау. Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаудың қосымша құралдары

29.

Газқағарларды техникалық тексеру жиынтығы (тестер)

жиынтық

1

6

6

25

Әр төтенше жағдайлар департаментіне

Сүзгіш газқағарлардың жарамдылығын тексеру үшін

Әр азаматтық қорғаныс әскери бөліміне

Әр оқу орнына

30.

Қоршау белгілерінің жиынтығы

жиынтық

4

5

5

30

Радиациялық, химиялық және биологиялық барлау бөлімшесіне

Жұқтырған учаскелердің шекараларын белгілеу үшін

31.

Тасымалданатын метеостанция (метеожинақ)

жиынтық

3

3

3

30

Радиациялық, химиялық және биологиялық барлау бөлімшесіне

Метеорологиялық бақылаулар жүргізу үшін

32.

Тыныс алу аппараттарын жабдықтауға арналған құралдар

жиынтық

1

15

15

10

Радиациялық, химиялық және биологиялық барлау, арнайы, арнайы және санитариялық өңдеу бөлімшесіне

Тыныс алу аппараттарын жабдықтау (толтыру) үшін

33.

Сынамаларды іріктеу жиынтығы

жиынтық

3

5

5

30

Радиациялық, химиялық және биологиялық барлау бөлімшесіне

Топырақ, су, тамақ өнімдері және басқа да зарарланған материалдар сынамаларын алу үшін

      Ескертпе: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдарымен жабдықтаудың заттай нормалары Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жедел-құтқару жасақтарының бөлімшелеріне, "Республикалық жедел-құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесіне, "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесіне және оның филиалдарына қолданылмайды, олар үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 06 қыркүйегіндегі № 429 бұйрығымен бекітілген радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдарының нормалары көзделген.

      ___________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады