"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникасымен, бағдарламалық қамтамасыз етумен, ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 506 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 397 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникасымен, бағдарламалық қамтамасыз етумен, ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 506 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерін байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникасымен, бағдарламалық қамтамасыз етумен, ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларында:

      реттік нөмірі 55-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

55

Портативті бейнетіркегіш

дана

1

4

Халықпен өзара іс-қимыл кезінде инспекторлық құрамының және анықтаушылардың іс-қимылдарын аудио-бейне тіркеу үшін

ТЖД, ТЖД-нің қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің инспекторлық құрамының және анықтаушылардың әрбір бірлігіне, сондай-ақ АҚжӘБК, ӨҚК, ӨҚКД, инспекторлық құрамына

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
генерал-майор
С. Шәріпханов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады