Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабы 3-тармағына, Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қазандағы "Туризм саласындағы функцияларды беру туралы" № 244/3 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 ақпандағы "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" № 51/1 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулына Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
А. Байханов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы "26" желтоқсан № 355/4 қаулысымен бекітілген |
"Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының әкімдігі өз құзіреті шегінде кәсіпкерлік, сауда, өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму салаларындағы функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берген, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 61-құрылыс.
10. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
11. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде – "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Павлодарской области".
12. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы ереже "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жолданады.
2-тарау. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні мен өкілеттіктері
16. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты шағын және орта бизнес, сауда, өнеркәсіптік әлеует, индустриялық-инновациялық даму салаларын тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
17. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні кәсіпкерлік, сауда, өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму мәселелерінде мемлекеттік саясатты облыстық деңгейде жүзеге асыру болып табылады.
18. Міндеттері:
1) кәсіпкерлік, сауда, өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
2) өз құзіреті шегінде "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
19. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
"Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;
"Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, лауазымды адамдармен және азаматтармен келісім бойынша белгіленген тәртіпте ақпаратты сұрату және алу;
басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту;
өз құзіреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
осы Ережеде белгіленген өз құзыреті шегінде барлық сот органдарында, мемлекеттік органдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда және өзге де ұйымдарда облыс әкімінің, әкімдігінің мүдделерін білдіру;
мемлекеттік органдарда, сотта "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
20. Функциялары:
1) Павлодар облысының аумағында кәсіпкерлік, сауда, өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың қызметін үйлестіреді;
2) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;
3) "Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік қызметін көрсетеді;
4) "Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік қызметін көрсетеді;
5) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
6) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына талдау жүргізеді;
7) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және соған жауапты болады;
8) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
9) жергiлiктi атқарушы органдар мен кәсiпкерлiк субъектілерінің бiрлестiктерiмен, өңірлік палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен қарым-қатынастарды дамыту стратегиясын айқындайды;
10) жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнен, Қазақстан Республикасының Өңiрлiк кәсiпкерлер палатасынан, мiндеттi мүшелiк (қатысу) негiзiндегi өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардан және өзге де коммерциялық емес ұйымдардан нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптамалық қорытындылар алу, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, соның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар тұжырымдау бойынша жұмысын ұйымдастырады;
11) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
12) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
13) құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты ілгерілетуді жүзеге асырады;
14) құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты дамыту үшін жағдайлар жасайды;
15) ұлттық және аумақтық кластерлерді дамытуды жүзеге асырады;
16) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
17) өз құзыретi шегiнде ішкі сауда субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;
18) сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
19) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;
20) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады;
21) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
22) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекітеді;
23) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекітеді;
24) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырады;
25) азық-түлік тауарларын сатып aлу бағдарламаларына қатысушыларды анықтау жөнiндегi комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады;
26) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін мамандандырылған ұйымдардан көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
27) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі комиссияны құрайды және оның жұмысын ұйымдастырады;
28) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
29) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекітеді;
30) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастырады және пайдаланады;
31) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
32) уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы шешім қабылдайды;
33) өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты, сондай-ақ шағын индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы шешім қабылдайды;
34) жеке индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамасын келісімдейді;
35) ерекше индустриялық аймақ мәртебесін бере отырып, ерекше индустриялық аймақтар құру тұжырымдамасын келісімдейді;
36) ерекше индустриялық аймақ мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдайды;
37) жалпы санының елу пайызынан кем емес кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің қатысуымен өңірлік үйлестіру кеңесін құрайды;
38) республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың үлгілік ережесі негізінде республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ туралы ережені бекітеді;
39) индустриялық аймақты құру тұжырымдамасын қоса алғанда, индустриялық аймақты құру жобаларын сараптама жасайды, сондай-ақ құрылатын индустриялық аймақ үшін инфрақұрылым салу кезінде жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді;
40) индустриялық аймақтарды дамыту жоспарларының жобаларын әзірлейді;
41) индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын айқындайды;
42) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларын тартады;
43) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шартты жасайды;
44) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен уәкілетті органмен келісім бойынша арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындауы жөніндегі шартты жасайды;
45) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен уәкілетті органмен келісім бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындауы жөніндегі шартты жасайды;
46) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтар қатысушыларының қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын, бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындауына мониторингті жүзеге асырады, сондай-ақ мониторингтің деректерін талдайды;
47) өңірдің өнеркәсіптік саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
48) өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетеді;
49) тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу елішілік құндылық мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесіне сәйкес ұйымдардың сатып алуындағы елішілік құндылық бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде береді;
50) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы ақпаратты береді;
51) индустриялық даму бойынша Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге қатысады;
52) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында өңірдің индустриялық дамуы туралы баяндайды;
53) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетеді;
54) бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың іске асырылуын үйлестіруді жүзеге асырады және тоқсан сайын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға ақпарат береді;
55) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік топтамасын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын, облыс әкімдігі мен әкімінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде қарастырылған жағдайда, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне сәйкес оларға қатысты шешімдер қабылдайды;
56) Басқарманың құзыреті шегінде әкімнің, әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;
57) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
58) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап арыздар ұсынады;
59) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
21. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауап береді.
22. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
23. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
24. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
2) өз орынбасарларының, сондай-ақ "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;
5) құзыретіне жататын мәселелер бойынша "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншiк нысанына қарамастан барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
8) "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
9) орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кеңестерін өткізеді;
10) "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты береді;
"Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
25. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
26. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
4-тарау. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
28. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
29. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
31. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі
32. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағында келесі ұйымдар бар:
1) "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;
2) "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы;
3) "Атамекен-Павлодар" микроқаржы ұйымы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.