Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2-тармағына сәйкес, Мойылды ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2023 жылғы 23 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар қаласы Мойылды ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қаласының Мойылды ауылында "Парковая" көшесін- "Көкжиек" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мойылды ауылының әкімі | Ж. Әбікен |