Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Павлодар қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 73/1 қаулысының күші жойылсын.
3. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. С. Қалиякбаровқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | Е. Иманзаипов |
Павлодар қаласы әкімдігінің 2023 жылғы "13" ақпан № 176/1 қаулысына қосымша |
"Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" мемлекеттiк мекемесі туралы Ереже 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ) Павлодар қаласы аумағында жер қатынастарын реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Павлодар қаласы әкімдігінің мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік -құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрi және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ егер Қазқстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140100, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25.
10. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ жұмыс тәртібі:
дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Государственное учреждение "Отдел строительства города Павлодара".
12. Осы Ереже "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.
13. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
14. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
15. Міндеттері:
- жобалардың мемлекеттік сараптамада республикалық және аумақтық бөлімшелермен, қала құрылыстық және жер бақылау, құрылыс қызметі саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша лицензиялау органдарымен өзара іс әрекет ету.
16. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
- "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды өтеусіз негізде сұрату және алу;
- мемлекеттік органдарда, соттарда "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ мүддесін білдіру;
- өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу.
2) міндеттері:
- азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;
- өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асыру;
- тұрғын үй құрылысын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
- электрондық құжат айналымын тиімді пайдалану;
- қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
17. Функциялары:
1) қаланың тұрғын объектілерінің құрылысы бөлігінде мемлекеттік тұрғын үй саясатын іске асыру:
2) Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, Павлодар қаласында объектілердің жобалануы және құрылысы бойынша бірыңғай тапсырыс берушінің функцияларын орындау;
3) құрылыс, аяқталмаған объектілердің құрылысын консервациялау туралы ұсыныстар енгізу;
4) аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншік объектілерінің және әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілерінің құрылысы, жаңартылуы бойынша тапсырыс беруші болады.
5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) суқұбырының, тазалау құрылывмдарының, жылу және электр желілерінің және басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын ұйымдастырады;
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
18. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ басшылықты "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
20. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ бірінші басшысының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ сектор меңгерушілерін, мамандарын, қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ қызметкерлерін көтермелеуді, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;
3) бұйрықтар шығарады және "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ барлық қызметкерлерінің міндетті орындауы үшін өзінің құзырына жататын мәселелер бойынша нұсқаулар береді;
4) "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ секторлары туралы Ережені, қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ мүддесін білдіреді;
6) "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
7) "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ перспективтік және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді.
"Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.
23. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ алқалы органдары жоқ.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
24. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.