Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 7 - бабы 5 - тармағына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 маусымдағы "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы "Ақтоғай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 174/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 113/23 шешімі жойылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Ташенев |