Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы "Ақтоғай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 174/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 маусымдағы № 113/23 шешімі. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 51/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 28.09.2023 № 51/8 (шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 174/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 174/31 шешіміне (Нормативтік құқықтықактілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5944 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      осы шешімен бекітілген "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіндегі:

      5-тармағы мындай редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты немесе кадр қызметінің міндеттерін атқару жүктелген тұлға (бұдан әрі – ұйымдастыру бөлімінің басшысы) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";

      41-тармағы мындай редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, ұйымдастыру бөлімінің басшысыжәне мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";

      42-тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Ташенев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады