Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі Ақтоғай ауылының келесі құрамдас бөліктері:
"Юный" тұйық көшесі "Имәт Сунтаев" көшесі;
"Коммунальный" тұйық көшесі "Қажмұрат Ибадильдин" көшесі;
"Целинный" тұйық көшесі "Аслан Мағұлов" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай ауылдық округінің әкімі | К. Пстебаев |