"Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 67/4 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Железин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 шілдедегі "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 233/7 қаулысы жойылсын.

      3. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Ереженің мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      Аудан әкімі А. Шайхимов

  Железин ауданы
әкімдігінің 2023 жылғы
"31" наурыздағы № 67/4
қаулысымен бекітілді

"Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сі) Железин ауданының аумағында ішкі саясат және тілдерді дамыту саласына басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Железин ауданның ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің егер Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.

      8. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Железин ауданы, Железин ауылы, Әуезов көшесі, 19.

      9. Осы Ереже "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Мекеменің толық атауы – "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      11. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкеc жүзеге асырылады.

      12. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-не кәсіпкерлік субъектілерімен "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2-тарау. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мақсаттары:

      1) Железин ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының қызметін үйлестіру жолымен әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салаларда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің құзыретіне жататын мәселелері бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

      3) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның Стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарын, Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру және насихаттау;

      4) қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ауданның атқарушы органдарымен, үкіметтік емес ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен, саяси партияларымен әрекеттесу;

      5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану;

      6) мемлекеттік тілді және ауданда тұратын халықтардың тілдерін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;

      7) аудан деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру, оның жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету;

      8) Қазақстан Республикасының "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы", "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы", "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңдарын қамтамасыз ету;

      9) санкцияланбаған наразылық акцияларының алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      10) Железин ауданындағы қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      - аудан әкімдігі, әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдардың қарауына ішкі саясат және тілдерді дамыту проблемаларды жедел шешу, дамудың негізгі бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізу;

      - заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;

      - "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер өткізу;

      - мемлекеттік органдарда, сотта "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ мүдделерін білдіру.

      2) Міндеттері:

      - "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға консультациялық-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмек көрсетеді;

      - бөлімнің құзыретіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасау;

      - тіл саясаты саласындағы қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша аудан әкімдігінің атқарушы органдары мен өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіру;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сі өкілеттіліктерді орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен және қарамағындағы ұйымдармен өзара әрекеттеседі. 15. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін түсіндіру және насихаттау;

      2) аймақта болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістерді және олардың даму тенденцияларын жан-жақты және нақты зерделеу, қорыту және талдау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және жүзеге асырылуын бақылау;

      4) Көрнекі үгіт-насихат құралдары мазмұнының қолданыстағы заңнамаға және Республиканың саяси бағытына сәйкестігін бақылауды іске асыру;

      5) ауданда болып жатқан қоғамдық үдерістерді талдау және реттеу, әлеуметтік зерттеулерді, қоғамдық пікір сауалнамасын жүргізу, әлеуметтік шиеленісу ошақтарын анықтау, Республика, облыс, аудан өмірінің маңызды мәселелері жөніндегі қоғамдық пікірді қалыптастыру;

      6) ауданның жастар саясатын іске асыру жөніндегі жұмыстарын жүргізу;

      7) Железин ауданының аумағында дінге қатысты мемлекеттің саясатын өз кезігімен жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қарым-қатынасын реттеу саласындағы заңнаманы жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      8) ауданның қоғамдық-саяси, діни, жастар, үкіметтік емес бірлестерінің ақпараттық деректер қорын қалыптастыру, жинау, қорыту және жіктеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;

      9) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этно-мәдени, діни бірлестіктермен, кәсіптік одақтармен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;

      10) халықта Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтарды әзірлеу;

      11) аудандағы гендерлік бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      12) әкімдіктің отырыстарына және аудан әкімі жанындағы мәжілістерге "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің құзыретіне жататын мәселелері бойынша материалдарды, талдамалы жазбахаттарды, әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелерін, ауданда болып жатқан әлеуметтік-саяси үдерістер дамуының динамикасы мен тенденциялары туралы ақпаратты дайындау;

      13) мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдау;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабар алмасуын қарауды қамтамасыз ету;

      15) аудандық деңгейде сыбайлас жемкорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізу;

      16) тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

      17) мемлекеттік және өзге де тілдерді дамытуға бағытталған аудандық маңызы бар іс-шараларды өткізеді;

      18) бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс;

      19) атақ беру, куәліктерді және төсбелгілерді,ауданның Құрмет кітабын әзірлеу, ресімдеу және сақтау мәселелері жөніндегі құжаттамаларды жүргізу және есепке алу.

3-тарау. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сін басқару "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-не жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшымен жүзеге асырылады.

      17. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.

      18. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сі басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сі басшысының өкілеттігі:

      1) "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сі туралы Ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қолданыстағы заңнамаға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген бұйрықтар шығарады.

      4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      7) "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      8) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің мүддесін білдіреді; иппипм

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелеуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      11) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;

      "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4-тарау. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      20. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

      21. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-не бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      24. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сі таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

6 тарау. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің "Айбат" жастар бастамаларын дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады