Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің Алакөл ауылындағы кейбір көшелердің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 8 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Алакөл ауылдық округінің Алакөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 23 қарашадағы отырысының хаттамасы негізінде, Алакөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШТІ:

      1. Железин ауданы Алакөл ауылдық округі Алакөл ауылындағы "Лесная" көшесі "Қабиден Бекетаев" көшесі, "Северная" көшесі "Достық" көшесі, "Комсомольская" көшесі "Жасұлан" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алакөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Д. Шагеева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады