Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі Қоскөл ауылының көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1-22-7 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 -тармағына, Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі Қоскөл ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2023 жылғы 23 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Қоскөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ қабылдады:

      1. Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі Қоскөл ауылының Северная көшесі Келешек көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қоскөл ауылдық округінің әкімі Б. Қажахатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады