Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тереңкөл аудандық мәслихатының "Тереңкөл ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2019 жылғы 31 қазандағы № 2/49 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6591 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Тереңкөл ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
4-тармақта оныншы абзац алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тереңкөл аудандық мәслихатының төрағасы | Р. Габидулин |