Тереңкөл ауданы Воскресенка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 қазандағы № 7/8 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3 – бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығымен бекітілген, Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тереңкөл ауданы Воскресенка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қоса беріліп отырған Қағидалары бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тереңкөл ауданы Воскресенка ауылдық округінің әрбір ауылы тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы ауыл тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % (пайыз), бірақ 1(бір) адамнан кем емес және 3 (үш) адамнан аспайтын мөлшерде бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңкөл аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл аудандық мәслихатының төрағасы Р. Габидулин

  Тереңкөл аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
"26" қазандағы № 7/8
шешімен бекітілген

Тереңкөл ауданы Воскресенка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тереңкөл ауданы Воскресенка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3 - бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығымен бекітілген, Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Тереңкөл ауданы Воскресенка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Воскресенка ауылдық округінің аумағы Воскресенка және Березовка ауылдарына бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Воскресенка ауылдық округінің әкімі ауыл шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Воскресенка ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар Воскресенка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Воскресенка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Тереңкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Воскресенка ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады