Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, Аққулы ауылдық округі Аққулы ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Аққулы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аққулы ауылдық округінің Аққулы ауылындағы келесі көшелері:
"Космонавтов" көшесі "Бекмұрат Уахатов" көшесі;
"Мелиораторов" көшесі "Шаймардан Бастемиев" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округінің әкімі | К. Жиеналин |