"Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 ақпандағы № 43/2 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      - Қаулы ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;

      - қаулы Май ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;

      - қаулы "Шамшырақ" аудандық газетінде жариялансын;

      - қаулы туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Май ауданы әкімінің аппарат басшысы Д. Б. Қалиақпаровқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Әмірин

  Май ауданы әкімдігінің
2023 жылғы "27" ақпандағы
№ 43/2 қаулысымен
бекітілген

"Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1- тарау. Жалпы ережелер

      1. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ ауданының аумағында мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің" ММ қарамағында мынадай ұйымдар бар:

      1) Май ауданы әкімдігі, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мәдениет ойын сауық орталығы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны.

      2) "Май ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ азаматтық - құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140800, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, ғимарат 40.

      10. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00 - ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Заңды тұлғаның толық атауы: мемлекеттік тілде – "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесi; орыс тілде государственное учреждение "Отдел культуры, физической культуры и спорта Майского района".

      12. Мемлекет Май ауданы әкімдігі тұлғасында "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қызметiн каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

      Егер "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кiрiс, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгеленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жiберiледi.

2- тарау. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ мақсаты, қызметінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіктері

      16. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ мақсаты Май ауданында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын және мәдениет, дене шынықтыру, спорт салаларындағы жалпы дамуын қамтамасыз етуге бағыталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

      17. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қызметінің нысанасы мәдениет, дене шынықтыру, спорт салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру.

      18. Міндеттері:

      1) кәсіпорындар мен ұйымдардың мәдени-демалыс жұмысын, кітапхана ісін қолдау және үйлестіру арқылы аудан аумағында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;

      2) ауданда тұратын халықтардың тарихи-мәдени мұраны, рухани дәстүрлерді жандандыру, сақтау, дамыту және таратуын қамтамасыз ету;

      3) Май ауданында әлеуметтік саладағы басым бағыттарды ұйымдастыру анықталатын, мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы сұраныстары жөнінде ақпараттарды жинау, талдау және өңдеуді жүзеге асыру;

      4) Май ауданында бұқаралық спорт және ұлтық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;

      5) Май ауданының халықтың саламатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру бойынша практикалық шараларды іске асыру.

      19. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1-1) Май ауданы әкімдігінің және әкімінің қарауына дамудың негізгі бағыттары, ауданның әлеуметтік-мәдени даму мақсаттары, басымдықтары мен стратегиясы бойынша ұсыныстар енгізуге;

      1-2) "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, лауазымды тұлғалармен және азаматтармен белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға;

      1-3) басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту;

      1-4) мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, мекемелерде, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен сотта "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ мүддесін білдіруге;

      1-5) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасуға;

      2) міндеттері:

      2-1) Қазақстан Республикасының заңдарына және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызметін жүзеге асыру;

      2-2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есебін және қаржылық есептілігін жүргізу;

      2-3) нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзіне бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;

      2-4) мекеме қызметкерлерінің кепілді еңбек жағдайларын және әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз етуге.

      2-5) мәдениет, дене шынықтыру және спорт жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүргізу, нысаналы бағдарламалар мен жобаларға бөлінетін жергілікті бюджет қаражатын бөлу, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау.

      2-6) мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету.

      20. Функциялары:

      1) мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

      2) кітапхана ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді;

      3) шығармашылық қызметінің түрлі салаларында аудандық байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастыру;

      4) аудан деңгейінде мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асыру;

      5) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      6) талантты жастар мен перспективті шығармашылық ұжымдарды іздеуге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;

      7) мәдениет саласында әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізуді жүзеге асыру;

      8) қорғау міндеттемелерін ресімдеу және беру, тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері мен пайдаланушыларының оларды орындауын бақылау;

      9) мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласы бойынша бағдарламалардың, жобалардың орындалуы бойынша жұмыс ұйымдастыру;

      10) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамысыз етеді;

      11) аудан аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;

      12) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;

      13) тиісті әкімшілік - аумақтық бірлік аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

      14) мемлекеттік қызметтер көрсетілетін тізілімімен көзделген мемлекеттік қызметті көрсетеді;

      15) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      16) "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ басқару құзыретіне қатысты мәдениет, дене шынықтыру және спорт салалары және басқа да мәселелер бойынша баянат, түсіндірме хаттар, ақпараттық-сараптама құжаттары мен анықтамалар дайындайды;

      17) облыс әкімі, аудан әкімі тапсырмаларын орындау туралы (өз құзыреті шегінде) жинақ есептер мен ақпараттар дайындайды;

      18) депутаттардың, аудандық мемлекеттік органдар мен аумақтық басқармалардың сұрау сауалдарына жауаптар (жауаптар жобаларын) дайындау (құзыреті шегінде);

      19) мемлекеттік мекемеде ведомстволық қарасты кәсіпорын мен мекемеде құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын бақылау;

      20) кадрмен қамтамасыз ету жағдайын талдау, біліктілікті арттыруға жәрдемдесу және ведомствоға қарасты ұйымдар мен мекемелердің азаматтық қызметшілерін аттестаттауды өткізуге қатысу, ведомствоға бағынысты кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларын және олардың орынбасарларын аттестаттауды ұйымдастыру;

      21) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды, бөлім басшысының азаматтарды жеке қабылдауын өткізуді қамтамасыз етеді;

      22) "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын қарау, келісу, бекіту;

      23) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғаммен байланыс орнату және дамыту;

      24) "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеу;

      25) "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, жүргізу және ұйымдастыру;

      26) "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ ақпараттық ресурстар жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;

      27) "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қолданыстағы заңнамасына сәйкес жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеу және мемлекеттік сатып алулар бойынша есептіліктер жасау, мемлекеттік сатып алу үрдісін ұйымдастыру мен өткізу;

      28) "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ ұйымдастырушы әкімгер ретінде саналып, бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыру, оларды қалыптастыру, бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру жоспарын орындау.

3-тарау. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      21. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      22. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      23. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ бірінші басшысында орынбасарлар жоқ.

      24. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ бiрiншi басшысының өкiлеттіктері:

      1) аудан әкімдігінің бекітуіне "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ туралы Ережені және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуін ұсынады;

      2) "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады, "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Қазақстан Республикасы заңнамамен белгіленген тәртіпте "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын мадақтайды, материалдық көмек көрсетуді және оған тәртіптік жазалар қолданады;

      5) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша нұсқаулықтар береді және бұйрықтар шығарады;

      6) "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда, сотта және меншік нысанына қарамастан басқа да ұйымдарда мүддесін ұсынады;

      8) ауданның ведомстволық бағынысты мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестаттаудан өткізеді;

      9) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің қатысуымен мәжілістер өткізеді;

      10) "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      11) "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қызметкерлерін іссапарға жібереді;

      12) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;

      13) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мүддесін қорғау құқығына сенім хат береді;

      14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;

      15) "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ бiрiншi басшысы болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      25. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым - қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен реттеледі;

      26. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мен тиісті саласына уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен реттеледі;

      27. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңымен және ұжымдық шартпен белгіленеді.

4-тарау. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ мүлкi

      28. Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.

      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және қысқарту

      31. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. "Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады