"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармағына және Облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 30 мамырдағы қорытындысына сәйкес, Саты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Саты ауылдық округі Саты ауылындағы "Гагарина" көшесінің сол беткейі "Махмет Қайырбаев" есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Саты ауылдық округінің әкімі | Ә. Дүсіпов |