Көше атауларын қайта атау және атауларының транскрипцияларын өзгерту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 1-03/11 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Шалдай ауылы халқының пікірін ескере отырып және Павлодар облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 23 қарашадағы қорытындысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық округі Шалдай ауылының келесі көшелері қайта аталсын:

      "Октябрьская" көшесі "Атамекен" көшесіне;

      "Боровая" көшесі "Қарағайлы" көшесіне;

      "Мира" көшесі "Мереке" көшесіне;

      "1 мая" көшесі "1 мамыр" көшесіне;

      "Лесная" көшесі "Орман" көшесіне;

      "Заводская" көшесі "Болат Әбілбаев" көшесіне;

      "Садовая" көшесі "Наурыз" көшесіне;

      "Победа" көшесі "Ерлік" көшесіне.

      2. Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық округі Шалдай ауылының келесі көшелерінің атауларының транскрипциялары өзгертілсін:

      "Абая" көшесі "Абай" көшесіне;

      "Джамбула" көшесі "Жамбыл" көшесіне;

      "Казахстанская" көшесі "Қазақстан" көшесіне.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалдай ауылдық округінің әкімі М. Кожимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады