Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1656 болып тіркелген) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар" 1-бөлімі келесі мазмұндағы қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші жолдармен толықтырылсын:
"
49) | Аорта доғасы синдромы (Такаясу) | "Тоцилизумаб" |
50) | Миелодиспластикалық синдром | "Азацитидин" |
51) | Туберозды склероз | "Эверолимус" |
52) | Крон ауруы | "Инфликсимаб" |
53) | Сананың бұзылуымен және екі жақты тоникалық-клоникалық ұстамалармен фокальді ұстамалары бар симптоматикалық фокальді эпилепсия. Антиконвульсанттарға төзімділік. Оң жақ төбе бөлігінде түзілуі (ДНЭО-дисембриопластикалық нейроэпителиальды ісік, ми қыртысының мальформация түрі) | "Финлепсин ретард" |
54) | Остеопороз | "Денозумаб" |
55) | Ұстамалы гемоглобинурия, түнгі | "Экулизумаб" |
56) | Криптогенді ошақты эпилепсия | "Леветирацетам" |
57) | Стилл ауруы | "Анакинра" |
58) | MELAS синдромы | "Цитруллина малат" |
"Убидекаренон" |
".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы Мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |