Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы

Жаңартылған

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LXX сессиясының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2020 жылғы 6 қарашада № 1656 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 18.09.2021 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 18.09.2021 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Н. Садықовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының
кезектен тыс LXX сессиясының төрағасы
В. Банщиков
      VI сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
К. Казанбаев

  Алматы қаласы мәслихатының
2020 жылғы 30 қазаны № 497
шешіміне қосымша

Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының
жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде
дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық
бұйымдарды қосымша тегін беру туралы тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 20.06.2022 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 09.12.2022 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.08.2023 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

р/с №

Аурулардың атауы

Дәрілік заттардың, арнайы емдік өнімдердің, медициналық бұйымдардың атауы

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
шеңберіндегі дәрілік заттар

1)

Өкпе гипертензиясы

"Силденафил"

2)

Муковисцидоз

"Тобрамицин"
"Нутриэн"

3)

Буллездік эпидермолиз

"Судокрем"
"Солкосерил"
"Бепантен"
"Офломелид офлоксацин"
"Октенисепт"

4)

Вегенера Гранулемотозы

"Ритуксимаб"

5)

Қысқа ішек синдромы

"Смофкабивен Орталық"
"Солувит Н"
"Виталипид Н"
"Аддамель Н"
Стерофундин изотоникалық инфузияға арналған ерітінді
"ТауролокНер 100"
"Тауролок-Урокиназа 25.000"

6)

Бехчет ауруы,
Анкилозды спондилоартрит, "Анкилозды спондилит"

"Инфликсимаб"
"Секукинумаб"

7)

Фабри ауруы

"Алгасидаза бета"

8)

Ювенилды артрит

"Тоцилизумаб"
"Адалимумаб"

9)

Ревматоидты артрит, анкилозды спондилоартрит

"Этанерцепт"

10)

OVERLAP синдромы, ревматоидты артрит көріністерімен дәнекер тінінің біріктіру айқас ауруы, жүйелік склеродерма және жүйелі қызыл жегі

"Бозентан"
 

11)

Фибрилляция және атриальды діріл

"Ривароксабан"

12)

Остеоартроз

"Эндопротез" (имплант)

13)

Жүйелі қызыл жегі

"Белимумаб"
"Ритуксимаб"

14)

Созылмалы тромбоэмболиялық өкпе гипертензиясы

"Риоцигуат"

15)

Көп миелома

"Даратумумаб"

16)

Балалардың церебралды сал ауруы

"а-гемоглютенин типті ботулиндік токсин кешені" (диспорт)

17)

Перинаталдық кезеңде пайда болған бронхопульмональды дисплазия

"Паливизумаб"

18)

Жүйелік склеродерма

"Траклир"
"Виагра"

19)

Дюшенн бұлшықет дистрофиясы

"Этеплирсен" "Дефлазакорт"
"Голодирсен"

20)

Жұлын бұлшықет атрофиясы

"Нусинерсен"
"Рисдиплам"

21)

Жалпыланған остеопороз

"Терипаратид"

22)

Өкпе обыры

"Алектиниб"

23)

1 типті қант диабеті

"Инсулин Гларгин" (Лантус Соло Стар)

24)

Өңештің қатерлі ісігі

"Пембролизумаб"

25)

Симптоматикалық эпилепсия

"Клобазам"
"Вигабатрин"
"Лакосамид"
"Клоназепам"
"Сультиам"
"Этосуксимид"
"Руфинамид"
"Мидазолам"
"Перампанел"
"Тетракозактид"

26)

Мүшелер мен ұлпалар трансплантациядан кейінгі жағдай

"Эверолимус"
"Экулизумаб"

27)

Шашыраңқы склероз

"Диметилфумарат"

28)

Шашыраңқы склероз
(белсенділігі жоғары склероз)

"Кладрибин"

29)

Өкпе артериялық гипертензиясы

"Селексипаг"

30)

Өкпенің жоғарғы бөлігінің орталық қатерлі ісігі

"Пембролизумаб"

31)

Идиопатиялық өкпе гипертензиясы

"Мацитентан"
"Траклир"

32)

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

"Физионил 40 глюкозамен"

33)

Фенилкетонурия

"Сапроптерин"

34)

Қимылдай алмайтын адамның синдромы

"Адамның қалыпты иммуноглобулині"

35)

Ойықжаралы колит

"Адалимумаб"

36)

Жүрек жеткіліксіздігі бар гипертониялық жүрек ауруы

"Нинтеданиб"

37)

Фиброз белгілері бар өкпенің интерстициалды ауруы

"Пирфенидон"

38)

Өкпенің араласуы бар полиартерит

"Мабтера"

39)

Созылмалы
В-жасушалы лимфоцитарлы лейкоз

"Мабтера"

40)

Гепатоцеллюлярлық карцинома

Атезолизумаб"

41)

Спастикалық церебральды сал ауруы

"Баклофен"

42)

Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну

"Ингибитор С1-эстеразы человеческий"

43)

Кеңейтілген кардиомиопатия

"Валсартан+Сакубитрил"
"Эплеренон"

44)

Мисатения

"Сандиммун неорал"

45)

Е 88.8 айырбастаудың басқа нақтыланған бұзушылықтары, қышқыл липаза тапшылығы, кеш нысаны. Холстерин эфирлерінің жинақталу ауруы

"Себелипаза альфа"

46)

Нейрофиброматоз

"Селуметиниб"

47)

Аллергиялық компонент басым демікпе

"Омализумаб"

48)

Вискотт-Олдрич синдромы. Терінің, лимфа түйіндерінің, гемопоэтикалық жүйенің зақымдалуымен Лангерганс жасушаларының көпжүйелі гистиоцитозы

"Адамның қалыпты иммуноглобулині"

49)

Аорта доғасы синдромы (Такаясу)

"Тоцилизумаб"

50)

Миелодиспластикалық синдром

"Азацитидин"

51)

Туберозды склероз

"Эверолимус"

52)

Крон ауруы

"Инфликсимаб"

53)

Сананың бұзылуымен және екі жақты тоникалық-клоникалық ұстамалармен фокальді ұстамалары бар симптоматикалық фокальді эпилепсия. Антиконвульсанттарға төзімділік. Оң жақ төбе бөлігінде түзілуі (ДНЭО-дисембриопластикалық нейроэпителиальды ісік, ми қыртысының мальформация түрі)

"Финлепсин ретард"

54)

Остеопороз

"Денозумаб"

55)

Ұстамалы гемоглобинурия, түнгі

"Экулизумаб"

56)

Криптогенді ошақты эпилепсия

"Леветирацетам"

57)

Стилл ауруы

"Анакинра"

58)

MELAS синдромы

"Цитруллина малат"
"Убидекаренон"

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі арнайы емдік өнімдер

1)

Целиакия

"Ұн қоспасы"
"Макарон өнімдері" "Кондитерлік өнімдер"

2)

Муковисцидоз

"Залалсыздандырылған нутриэн стандарты"
"Нутриэн Энергия"
"Нутриэн Стандарт"
"Клинутрен, Юниор ұнтақ"
"Педиашур, Здоровейка"

3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық бұйымдар

1)

Буллездік эпидермолиз

"Салфеткалар" "Таңғыш" "Бинт"

2)

Қысқа ішек синдромы

"Дискофикс С" үш жүрісті кранымен IntrafixSafe SetLuerLock инфузиялық желісі. 180 сантиметр REF 4063006 (Б. Браун).
IntrafixSafe SetLuerLock инфузиялық желісі "Дискофикс С" үш жүрісті кранымен 230 сантиметр REF 4063006 (Б. Браун).
Көктамыр ішіне инфузиялық ерітінділерді мөлшерлеуге, араластыруға, құюға және енгізуге арналған инфузиялық және трансфузиялық жүйелер (антифункционалды сүзгісі бар жарыққа төзімді ұзартқыш жүйе, көлемі 1,5 миллилитр) MF1646.
150 сантиметрлік Original Perfusor-leitunLuer Lock ұзартқышы 4097408 (Б. Браун).
Инъекциялық мембранасы бар Ин-стоппер-штепсель 4238010 (Б. Браун).
HydrofilmRoll пластырі.
Катетерлерді бекітуге арналған Tegaderm CHG стерильді таңғыштары.
Стерильді салфеткалар.
Өздігінен жабысатын стерильді төсегіш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады