"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алматы қаласында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшері болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 21.02.2024 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Алып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 21.02.2024 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы Мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |