Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/246 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 4/650 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/246 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1 қосымшадағы:

      14 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;

      14 тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4) қолжетімді интернет порталдарында бюджетті жариялау;";

      14 тармақтың 5), 6), 7), 8) тармақшалары алынып тасталсын;

      14 тармақтың 10) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "10) бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің бюджеттік бағдарламаларын қарау және келісу;";

      14 тармақтың 14), 16), 17), 18), 19), 20), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 29), 30), 31), 33) тармақшалары алынып тасталсын;

      14 тармақтың 34), 35) тармақшалары келесі редакцияда мазаұндалсын:

      "34) түсімдер, төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және бекіту;

      35) жеке қаржыландыру жоспарларына және түсімдер, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу;";

      14 тармақтың 36) тармақшасы алынып тасталсын;

      14 тармақтың 40), 41) тармақшалары келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "40) жергілікті атқарушы органның мемлекеттік борышына (республикалық бюджеттен және басқа да көздерден әкімдіктің алған қарыздарын) қызмет көрсету және өтеу. Шығыстарды есепке алу, шарттарға және өтеу кестелеріне сәйкес борышты өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар бойынша жиынтық жоспар жасау;

      41) мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бойынша сауда-саттық жүргізу;";

      14 тармақ келесі мазмұндағы 45), 46), 47), 48), 49), 50) тармақшалармен толықтырылсын:

      "45) уақытша бос бюджеттік ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі салымдарға (депозиттерге) орналастыру жөніндегі рәсімді жүзеге асыру;

      46) салықтық емес түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруды не оларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызуды жүзеге асыру;

      47) жергілікті бюджеттен берілген кредиттерді өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша төлемдер мониторингін жүргізу;

      48) салық салу мақсатында мүлікке бағалау жүргізу;

      49) Алматы қаласы мәслихатының үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджет туралы шешімдерінің, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізудің, Алматы қаласының бюджетін түзету жөніндегі ұсыныстардың жобаларын әзірлеу;

      50) тиісті қаржы жылына арналған Алматы қаласының бюджеті туралы Алматы қаласы мәслихатының шешімін іске асыру туралы әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеу.";

      2 қосымшадағы:

      12 тармақ келесі мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) бюджеттік инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тиімділігін арттыру;

      5) қаланың жергілікті мемлекеттік басқаруының оңтайлы құрылымын қалыптастыру;";

      14 тармақ келесі мазмұндағы 6-1), 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) қала бюджетінің негізгі параметрлерін анықтау;

      6-2) үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау;";

      14 тармақтың 10) тармақшасы алынып тасталсын;

      14 тармақ келесі мазмұндағы 15-1), 15-2), 15-3), 15-4), 15-5), 15-6), 15-7), 15-8), 15-9), 15-10), 15-11), 15-12), 15-13), 15-14), 15-15), 15-16), 15-17) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша салааралық үйлестіруді және әдіснамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру;

      15-2) бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің мемлекеттік инвестициялық жобаларының инвестициялық ұсыныстарына экономикалық қорытындылар дайындау;

      15-3) жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамалары негізінде бюджеттік инвестициялардың экономикалық қорытындыларын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын дайындау;

      15-4) жергілікті бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қалыптастыру;

      15-5) жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобаларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын кейіннен бағалау жүргізу үшін олардың іске асырылуын мониторингілеу;

      15-6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін қала борышының лимитін айқындау және келісу;

      15-7) Алматы қаласы әкімдігінің қарыз алу, оның ішінде орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде "жасыл" жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алу тетіктерін айқындау;

      15-8) жобалық басқаруды жүзеге асыруды үйлестіру және Алматы қаласы әкімдігінің Жобалық офисінің қызметін қаржылық қамтамасыз ету;

      15-9) Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметіне функционалдық талдау жүргізу;

      15-10) Алматы қаласы мәслихатының кейіннен бекітуі үшін Алматы қаласын басқару схемасының жобасын әзірлеу және келісу;

      15-11) техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың, Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдардың штат санының лимитін бекіту туралы Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу және келісу;

      15-12) Алматы қаласы әкімінің Алматы қаласы атқарушы органдарының штат кестелерін бекіту туралы өкімінің жобасын әзірлеу және келісу;

      15-13) басқарманы құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру;

      15-14) басқармада ақпараттық ресурстар жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      15-15) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті жасау және басқарманың жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеу;

      15-16) бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыруды қамтамасыз ету, әкімшісі басқарма болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру, бекіту және орындау;

      15-17) заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес түгендеу жүргізу, сондай-ақ оларды есептен шығару және/немесе беру үшін құжаттарды ресімдеу арқылы басқарма мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.

      3. "Алматы қаласы Экономика басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады