"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 124-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Учаскелік комиссиялар туралы ереже;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттары.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | А. Сапаров |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы | |
№ 137 қаулысына 1-қосымша |
Учаскелік комиссиялар туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Учаскелік комиссиялар туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 124-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда, облыстық маңызы бар қалада орындауды жүзеге асыратын филиалы;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;
учаскелік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асырады. Комиссия әлеуметтік көмекке жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарайды.
3. Комиссиялар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссиялар өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және бейтараптық қағидаттарында ұйымдастырады.
4. Комиссиялар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, осы Ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын басшылыққа алады.
2. Комиссиялардың міндеттері мен функциялары
5. Комиссиялардың негізгі міндеті мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органға, ал ауылдық жерлерде – ауыл, ауылдық округ әкімдеріне халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) немесе "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес жергілікті өкілетті органдар бекітетін Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек көрсету, олардың атаулылығын арттыру жөніндегі қызметіне жәрдемдесу болып табылады.
6. Комиссияның негізгі функцияларына:
1) Қағидаларға сәйкес ұсынылатын атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адамның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарау (бұдан әрі – зерттеп-қарау);
2) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген адамның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарауға қажетті жетіспейтін мәліметтерді алу үшін тиісті органдарға сұрау жіберу;
3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек алуға жүгінген адамның (бұдан әрі – өтініш беруші) материалдық жағдайын тексеру актісін жасау;
4) ұсынылған құжаттардың және/немесе тексеру нәтижелерінің негізінде уәкілетті орган бекіткен өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын ескере отырып, Қағидаларға сәйкес ұсынылатын әлеуметтік көмек немесе атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттілігі немесе қажеттіліктің болмауы туралы қорытынды дайындау жатады.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
7. Комиссиялар туралы осы ереже Үлгілік ереженің негізінде әзірленеді, жергілікті өкілдік органдармен келісіледі.
8. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган, ал ауылдық жерлерде – ауыл, ауылдық округтің әкімі Комиссияның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасайды (отырыс өткізуге арналған жеке бөлме беру, нормативтік құқықтық актілермен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету).
9. Комиссияның құрамы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, мүлік иелері бірлестіктерінің, көп пәтерлі тұрғын үйлердің жай серіктестіктерінің (жай серіктестіктер), халықтың, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құралады.
Комиссия төрағадан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы бес адамнан кем болмауға тиіс.
10. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияның осы Ережеде жүктелген міндеттер мен функцияларды уақытылы және сапалы орындауын қамтамасыз етеді.
11. Өтініш берушіні отырыстың өткізілетін күні туралы хабардар етуді, Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, Комиссия отырысына қажетті құжаттарды, материалдар даярлауды және оны өткізгеннен кейін хаттаманы рәсімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
12. Өтініш беруші қалауы бойынша Комиссияның отырысына қатыса алады.
13. Комиссия:
мансап орталығынан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері негізінде қорытынды дайындап, оны мансап орталығына немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне береді;
құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, Қағидаларға сәйкес адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы немесе мұқтаждығының болмауы туралы қорытынды әзірлейді және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне жібереді.
14. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.
15. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.
16. Комиссия қабылдаған шешім қорытынды түрінде ресімделеді, өтініш беруші онымен танысып, қол қояды.
17. Комиссияның қорытындысына келіспеген кезде, өтініш беруші уәкілетті органға, сондай-ақ сот тәртібімен шағым жасайды.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы | |
№ 137 қаулысына 2-қосымша |
Өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттары
1. Мыналар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттары болып табылады:
1) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтығының, қандас, босқын, шетелдік және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адам мәртебесінің болуы;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларының 7-тармағында қарастырылған мансап орталығы немесе ауыл, ауылдық округ әкімі растаған мәліметтердің болуы;
3) өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау қорытындысы бойынша дайындалған учаскелік комиссияның атаулы әлеуметтік көмек беру қажеттігі туралы қорытындысының болуы.
2. Мынадай өлшемшарттардың бірі учаскелік комиссияның өтініш берушіге және (немесе) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 120-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін адамдарға атаулы әлеуметтік көмек беруге қажеттіліктің болмауы туралы қорытынды шығаруы үшін негіз болып табылады:
1) барлық тұрғынжайдың жалпы пайдалы алаңы отбасының бір мүшесіне 18 шаршы метрден аспайтын жағдайларды, сондай-ақ тиісті актімен расталатын авариялық жағдайдағы тұрғын үйлерді қоспағанда, өтініш берушінің өзінің (өздерінің) меншік құқығына тиесілі, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгінгенге дейін соңғы бес жыл ішінде иеліктен шығару жүргізілген, тұруға жарамды оған (оларға) меншік құқығымен тиесілі біреуден көп тұрғынжайдың болуы;
2) оның (олардың) жеке меншігінде, иелігінде және (немесе) қолданысында тұрақты тұрудан басқа табыс алу үшін қолданылатын жеке үй-жайдың болуы;
3) жергілікті атқарушы органдардың жеке меншікке жер учаскесін ақысыз түрде беруі жағдайын қоспағанда, оның (олардың) жеке меншік тұрғын үйінің бар болуы кезінде оның (олардың) сатып алған жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншікте жер учаскесінің бар болуы;
4) көп балалы отбасыларды және мүгедектігі бар балалар, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдары бар отбасыларды қоспағанда, оның (олардың) жеке меншігінде және (немесе) уақытша иелігінде, қолданысында біреуден астам жеңіл автокөлігі бар болуы;
5) жеке меншігінде және (немесе) уақытша иелігінде, қолданысында техникалық жарамды жағдайда ауыл шаруашылығы техникасы және (немесе) автобустың және (немесе) микроавтобустың және (немесе) жүк автокөлігінің және (немесе) троллейбустың және (немесе) арнайы бейімделген және (немесе) арнаулы автомобильдердің және (немесе) теңіз және (немесе) ішкі су және (немесе) әуе көліктерінің болуы.