2023 – 2024 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 146 қаулысы

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2023 – 2024 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы М. Тасмағанбетов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  әкімдігінің
  2023 жылғы 04 қыркүйек № 146 қаулысымен бекітілді

2023 - 2024 оқу жылына арналған

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кадрларды даярлауға

мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім, мамандық және біліктілік деңгейінің коды

Мамандық атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, күндізгі оқу нысаны
(орындар саны)

Оқу жылына бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

қала

ауыл

ерекше білім беру қажеттіліктері бар

жеке оқыту

01 Білім беру

1

01120100

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

100

422289




2

01140100

Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі

75

422289




3

01140200

Музыкалық білім

25

422289




4

01140300

Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

25

422289




5

01140500

Дене тәрбиесі және спорт

105

422289




6

01140600

Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

125

422289




7

01140800

Кәсіптік оқыту
(салалар бойынша)

25

429189




02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

8

02120100

Интерьер дизайны

50

467139




9

02130100

Кескіндеме, мүсін және графика (түрлері бойынша)

13




1233577

10

02150100

Аспаптық орындау
(аспап түрлері бойынша)

17




1188727

11

02150200

Музыка теориясы

2




1233577

12

02150300

Вокалдық өнер

17




1233577

13

02150400

Хорды дирижерлау

3




1233577

14

02150500

Актерлік өнер

6




1233577

15

02150700

Хореографиялық өнері

4




1233577

16

02310100

Аударма ісі
(түрлері бойынша)

25

429189




03 Әлеуметтік ғылымдар және ақпарат

17

03220200

Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану

25

429189




04 Кәсіпкерлік, басқару және құқық

18

04110100

Есеп және аудит

298

429189

475816



19

04130100

Менеджмент
(салалар және қолдану аясы бойынша)

25

429189




20

04140100

Маркетинг
(салалар бойынша)

50

429189

475816



06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

21

06120200

Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

25

429189




22

06130100

Бағдарламалық қамтамасыз ету
(түрлері бойынша)

295

429189

475816



07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

23

07130100

Электр жабдықтары
(түрлері және салалары бойынша)

21

467139




24

07130200

Электрмен қамтамасыз ету
(салалар бойынша)

50

467139




25

07150100

Машина жасау технологиясы
(түрлері бойынша)

103

467139

513766



26

07150500

Дәнекерлеу ісі
(түрлері бойынша)

202

467139

513766



27

07150600

Слесарлық іс
(салалар және түрлері бойынша)

23

429189




28

07160500

Темір жолдың тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

74

467139




29

07160600

Темір жолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

21

467139




30

07161300

Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

180

467139




31

07161600

Ауыл шаруашылығын механикаландыру

251

429189

475816



32

07210200

Сүт және сүт өнімдерін өндіру

20


513766



33

07210300

Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі

50

467139

513766



34

07220100

Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру

25

467139




35

07230100

Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

108

467139


770600


36

07231000

Аяқ-киім ісі

15

429189




37

07310500

Ландшафтық дизайн

36

467139


770600


38

07320100

Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану

195

467139

513766



39

07321100

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану

25

467139




08 Ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария

40

08110100

Агрономия

25


475816



41

08110600

Ара өсіру және жібек шаруашылығы

47



694700


42

08210100

Орман шаруашылығы

25


475816



43

08210200

Аңшылық және аң өсіру шаруашылығы

25


475816



44

08410100

Ветеринария

25


475816



09 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету

45

09120100

Емдеу ісі

50

720000




46

09130100

Мейіргер ісі

95

720000




10 Қызметтер

47

10120100

Шаштараз өнері

90

467139




48

10130300

Тамақтандыруды ұйымдастыру

351

467139

513766



49

10150100

Туризм

100

429189

475816



50

10320100

Өрт қауіпсіздігі

25

469139




51

10320200

Төтенше жағдайда қорғау (салалар бойынша)

25

467139




52

10410200

Темір жолкөлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

25

467139




53

10410400

Жол қозғалысын ұйымдастыру

25

467139




Барлығы:

3667



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады