Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 3 ақпандағы №11 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7444-15 тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Ғ. Нұрмұхамбетов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің 2023 жылғы 14 желтоқсан | |
№ 251 қаулысына қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің 2023 жылғы 3 ақпандағы | |
№ 11 қаулысына 1-қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Топтың атауы | Елді мекен | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы | |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге) | ||||
1 | Петропавл қаласы | Толық емес күн болатын топ | қала | 25 | 26 620 |
Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | қала | 6 870 | 56 887 | ||
Санаторлық топ | қала | 131 | 74 691 | ||
Арнайы топтар | қала | 149 | 96 508 | ||
2 | Қызылжар ауданы | Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | ауыл | 582 | 64 330 |
3 | Ғабит Мүсірепов атындағы аудан | Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | ауыл | 410 | 95 086 |
4 | Уәлиханов ауданы | Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | ауыл | 307 | 70 731 |
Санаторлық топ | ауыл | 25 | 90 490 | ||
5 | Мағжан Жұмабаев ауданы | Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | қала | 42 | 142 595 |
ауыл | 82 | 172 800 | |||
6 | Айыртау ауданы | Балалар 9 сағат бойы болатын топ | ауыл | 488 | 65 349 |
Санаторлық топ | ауыл | 8 | 90 490 | ||
7 | Тайынша ауданы | Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | қала | 313 | 63 200 |
ауыл | 90 | 105 019 | |||
Санаторлық топ | қала | 15 | 80 228 | ||
8 | Аққайың ауданы | Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | ауыл | 114 | 100 456 |
9 | Ақжар ауданы | Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | ауыл | 263 | 102 710 |
Санаторлық топ | ауыл | 25 | 90 490 | ||
10 | Шал ақын ауданы | Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | қала | 100 | 91 416 |
11 | Жамбыл ауданы | Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | ауыл | 218 | 84 062 |
12 | Есіл ауданы | Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | ауыл | 275 | 66 927 |
13 | Тимирязев ауданы | Балалар 9 сағат бойы болатын топ | ауыл | 115 | 89 605 |