"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабының 4) тармақшасына, Власовка ауылдық округі Власовка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округі Власовка ауылының келесі көшелері:
Калинин көшесі Евней Букетов көшесі;
Октябрьская көшесін Талғат Бигельдинов көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округінің әкімі | Сериков М. Ю. |