Атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 34 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2023 жылғы 04 шілдедегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Лесной ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. 1 схемалық - қартаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Лесной ауылдық округінің Ленинское ауылының атаусыз көшесіне келесі атау берілсін:

      № 1 атауы жоқ көшеге – Геннадий Зенченко көшесі.

      2. 2 схемалық - қартаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Лесной ауылдық округінің Дайындық ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      № 1 атауы жоқ көшеге – Ақан сері көшесі;

      № 2 атауы жоқ көшеге – Қарашоқ көшесі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лесной ауылдық округінің әкімі Н. Мұхаметжанов

  2023 жылғы 17 тамыздағы № 34
  Шешімге қосымша № 1

     


  2023 жылғы 17 тамыздағы № 34
  Шешімге қосымша № 2

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады