Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы Тоқшын ауылдық округі әкімінің 10.10.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңы 10-1 бабының 7) тармағына сәйкес, Аққайың ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2023 жылғы 25 мамыр № 08-02/368 ұсынысы негізінде Тоқшын ауылдық округі әкімі ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі Камышлово ауылының ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимі белгілесін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізледі.
Округ әкімі | Б.М. Имантаев |