Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Имантау ауылының көшелерін қайта атауын ауыстыру және жаңадан көше атауын беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Имантау ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 11 қазандағы № 57 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес Имантау ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 04 шілдедегі қорытындысы негізінде Имантау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Имантау ауылындағы Промкомбинат көшесі Көктөбе көшесі болып қайта аталсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Имантау ауылындағы атаусыз көшеге Гүлдер атауы берілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Имантауауылдық округ әкімі Б. Жантілеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады