Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 34 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Ақжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 09 қазандағы № 117 ұсынысы негізінде Талшық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі Үлгілі ауылының Тихая, Набережная, Степная, Молодежная, Садовая және Речная гурт көшелерінде ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Е. Қайыржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады