2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданды мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 8/3 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 8, 9-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінде № 32927 болып тіркелген) сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңы 56-бабының 12-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып, көрсетілсін:

      1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

      ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

      ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына да қолданылады.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық
мәслихатының төрағасы
Ж. Елеусізов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады