Шектеу іс-шараларын тоқтату және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 13 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 20 шілдедегі № 01-11/111 ұсынысы негізінде, Светлопольск ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Светлопольск ауылдық округінің Байсал ауылында, Бейбітшілік көшесіне белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі әкімінің әкімінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 4 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округінің әкімі М. Жақаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады