Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Мамлютка қаласы көшелері және ауылдық округтердің ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 10/5 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы" 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 21.12.2023 № 15/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласы көшелері және ауылдық округтердің ауылдары тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы, осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының төрағасы Ж. Кәрімова

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы мәслихатының
  2023 жылғы 19 қыркүйектегі
  № 10/5 шешіміне
  1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары 1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы" 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы көшелерінің және ауылдық округтерінің ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – Мамлютка қаласы көшесі, ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың (әрі-қарай Мамлютка қаласы), ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Мамлютка қаласының, ауылдық округтің әкімі ауыл, қала көшесі шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Мамлютка қаласының, ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, қала көшесінің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, қала көшесінде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Мамлютка қаласының, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Мамлютка қаласының, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, қала көшесі тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Мамлютка қаласының, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы мәслихатының
  2023 жылғы 19 қыркүйектегі
  № 10/5 шешіміне
  2-қосымша

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлют қаласының көшелері мен ауылдық округтерінің ауылдары тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 21.12.2023 № 15/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

р/№

Мамлютка қаласы көшесінің және елді мекендердің атауы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласы көшелері және ауылдық округ ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Мамлютка қаласы

1

Қазақстан

1

2

Гуденко

1

3

Бірлік

1

4

Мальцев

1

5

Маяковский

1

6

Сенная

1

7

Сәбит Мұқанов

1

8

Сосновый бор

1

9

25 лет Целины

1

10

Конституция

1

11

Абай Құнанбаев

1

12

Евгений Брусиловский

1

13

Бектұрғанов

1

14

Беловский переулок

1

15

Береговая

1

16

Трудовая

1

17

Водопьянов

1

18

Водосточная

1

19

Ғабит Мүсірепов

1

20

Гагарин

1

21

Гоголь

1

22

Горький

1

23

Гостинная

1

24

Деповская

1

25

Ыбырай Алтынсарин

1

26

Железнодорожная

1

27

Жұмабаев

1

28

Зоя Космодемьянская

1

29

Заводская

1

30

Интернациональная

1

31

Жамбыл

1

32

Григорий Потанин

1

33

Әлия Молдағұлова

1

34

Колхозная

1

35

Шоқан Уәлиханов

1

36

Мұхтар Әуезов

1

37

Олег Кошевой

1

38

Шәмші Қалдаяқов

1

39

Лагерная

1

40

Абылай хан

1

41

Лермонтов

1

42

Лесная

1

43

Ломоносов

1

44

Матросов

1

45

Мир

1

46

Мичурин

1

47

Некрасов

1

48

Нефтебаза

1

49

Новая

1

50

Озерная

1

51

Панфилов

1

52

Папанин

1

53

Первомайская

1

54

Победа

1

55

Береке

1

56

Пушкин

1

57

Рабочая

1

58

Бейбітшілік

1

59

Северная

1

60

Скачков

1

61

Достық

1

62

Тимирязев

1

63

Титов

1

64

Құрманғазы

1

65

Целинная

1

66

Викторенко

1

67

Чкалов

1

68

Шаталов

1

69

Шевченко

1

70

Школа-интернат

1

71

Школьная

1

72

Шоссейная

1

73

Энергетиктер

1

74

Ямская

1

Андреев ауылдық округі

75

Андреевка ауылы

3

76

Владимировка ауылы

3

77

Бостандық ауылы

3

Белое ауылдық округі

78

Белое ауылы

3

79

Чистое ауылы

2

80

Коваль ауылы

2

81

Щучье ауылы

2

82

Сливное ауылы

1

Воскресенов ауылдық округі

83

Воскресеновка ауылы

3

84

Становое ауылы

2

85

Искра ауылы

2

Дубровное ауылдық округі

86

Дубровное ауылы

3

87

Михайловка ауылы

3

88

Новодубровное ауылы

2

89

Пчелино ауылы

2

Қызыләскер ауылдық округі

90

Қызыләскер ауылы

3

91

Раздольное ауылы

3

92

Степное ауылы

3

Краснознамен ауылдық округі

93

Краснознаменное ауылы

3

94

Калугино ауылы

2

95

Беловка ауылы

2

Леденев ауылдық округі

96

Леденево ауылы

3

97

Новоандреевка ауылы

2

Бике ауылдық округі

98

Бике ауылы

3

99

Октябрь ауылы

1

100

Дачное ауылы

1

Новомихайлов ауылдық округі

101

Новомихайловка ауылы

3

102

Минкесер ауылы

3

103

Токаревка ауылы

3

104

Бексеит ауылы

3

Пригород ауылдық округі

105

Покровка ауылы

3

106

Красный октябрь ауылы

2

Становое ауылдық округі

107

Афонькино ауылы

3

108

Новоукраинка ауылы

3

109

Орел ауылы

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады