"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Мамлютка қаласы көшелері және ауылдық округтердің ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 10/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 15/3 шешімі

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Мамлютка қаласы көшелері және ауылдық округтердің ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 10/5 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      жоғарғыда көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында "Мамлютка қаласы көшесінің және елді мекендердің атауы" бағанда кестенің 3 жолында "Крупская" сөзі "Бірлік" сөзі болып, 55 жолында "Пролетарская" сөзі "Береке" сөзі болып, 58 жолында "Свердлов" сөзі "Бейбітшілік" сөзі болып, 61 жолында "Советская" сөзі "Достық" сөзі болып оқылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы
мәслихатының төрағасы
Ж. Кәрімова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады