"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, 31-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2023 жылғы 4 шілдедегі қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының құрамдас бөліктері:
Карл Маркс көшесі - Желтоқсан көшесіне;
Коммунистический көшесі - Татулық көшесіне;
Комсомол көшесі - Жастар көшесіне;
Крупская көшесі - Көктем көшесіне;
50 лет Октября көшесі- Шоқан Уәлиханов көшесіне;
Пролетар көшесі - Абай көшесіне;
Советский көшесі - Кенесары көшесіне;
Фурманов көшесі– -Достық көшесіне;
Чапаев көшесі - Жамбыл көшесіне;
Энгельс көшесі - Бірлік көшесіне;
Пугачев тұйық көшесі - Ынтымақ тұйық көшесіне қайта аталсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тайынша ауданының әкімі | Б. Әлжанов |
Тайынша ауданы мәслихатының төрағасы | С. Бекшенов |