Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2023 жылғы 1 қарашадағы № 9/4 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 30 наурыздағы № 20/1 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының төрағасы Қ. Жанғожинов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Шал ақын ауданы мәслихатының
  2023 жылғы 1 қарашадағы № 9/4
  шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында Сергеевка қаласы және ауылдық округтер тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың (одан әрі – Сергеевка қаласы), ауылдық округтердің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Сергеевка қаласының, ауылдық округтің әкімі ауыл, көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Сергеевка қаласының, ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар, азаматтар көп жиналатын жерлерде хабарландыру арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Сергеевка қаласының, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Сергеевка қаласының, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны қатысушылары келесі тәртіпте ұсынады:

      1) Сергеевка қаласының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше тұрғындары өкілдерінің саны:

      жергілікті қоғамдастық жиынына қатысуға құқығы бар Сергеевка қаласы көшелерінен 1 (бір) өкіл бойынша;

      2) жергілікті ауылдық округ жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны:

      жергілікті қоғамдастық жиынына қатысуға құқығы бар ауыл тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % (пайыз), бірақ 1 (бір) адамнан кем емес және 3 (үш) адамнан аспайтын.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті Сергеевка қаласы, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда;

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады