"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі қосымшаға сай бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ш. Кейкин |
Атырау қаласы әкiмдігінің 2023 жылғы "20" шілдедегі № 1488 қаулысына қосымша |
|
Атырау қаласы әкiмдігінің 2023 жылғы "20" шілдедегі № 1488 қаулысымен бекітілген |
Мәдени, спорттық және спорттық – бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі
1) Мәдени, спорттық ғимараттар мен құрылыстар аумағында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін пайдаланылатын конструкциялар;
2) елді мекендерді үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері.