Қайыршақты ауылдық округі көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 501 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, Атырау облыстық ономастикалық комиссиясының 2023 жылғы 14 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Қайыршақты ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округінің атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) "Жұлдыз -3" шағын ауданында:

      № 5 көшеге - Айтыш Байжанов көшесі;

      № 9 көшеге - Жолдас Байсейтов көшесі;

      № 12 көшеге - Раип Сатыбалдиев көшесі;

      № 17 көшеге - Сисен Мирмашев көшесі.

      2) "Жұлдыз" шағын ауданында:

      № 21 көшеге - Әбуғали Ғабдуллин көшесі;

      № 35 көшеге - Мүсір Далмұқанов көшесі;

      № 36 көшеге - Бисембай Орынбасаров көшесі;

      № 44 көшеге - Теңдік Жауыров көшесі;

      № 45 көшеге - Шөпенғали Дауенов көшесі;

      № 46 көшеге - Зияйддин Айдналиев көшесі;

      № 47 көшеге - Аман Енсегенов көшесі;

      № 48 көшеге - Шамсутдин Сарсенов көшесі;

      № 49 көшеге - Тынышбай Оразов көшесі;

      № 50 көшеге - Құмар Кенжеғалиев көшесі;

      № 51 көшеге - Злиха Шаданов көшесі.

      3) "Көктем" шағын ауданында:

      № 19 көшеге - Төлеген Қонжанбаев көшесі.

      4) Талғайран-2 ауылында:

      № 1 көшеге - Қабанбай батыр көшесі;

      № 2 көшеге - Абылай хан көшесі;

      № 8 көшеге - Аубакир Шерниязов көшесі.

      2. Қайыршақты ауылдық округі Томарлы ауылының Гагарин көшесі Лұқпан Оразов көшесі болып қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қайыршақты ауылдық
округінің әкімі
Ш. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады