"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 мамырдағы қорытындысы негізінде, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құлсары қаласындағы көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) № 57 көшеге – Күлара Досмұхамбетова көшесі;
2) № 41 көшеге – Дәулеталы батыр көшесі;
3) № 23 көшеге – Халел Ғаббасұлы көшесі;
4) № 24 көшеге – Бақтыкерей Құлманұлы көшесі;
5) № 25 көшеге – Базарбай Мәметұлы көшесі;
6) № 26 көшеге – Уәлитхан Танашев көшесі;
7) № 27көшеге – Айдархан Тұрлыбайұлы көшесі;
8) № 28 көшеге – Елдес Омарұлы көшесі.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жылыой ауданы әкімі | Ж. Қаражанов |
Жылыой аудандық мәслихат төрағасы |
Қ. Мыңбаев |