Мемлекеттік мекемені кайта атау туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 204 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 42-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18, 124 баптарына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      2. Қоса беріліп отырған "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      3. "Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) әділет органдарында мемлекеттік мекемені қайта тіркеуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің аппарат басшысы Н. Аруевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Нұрлыбаев

  Махамбет аудандық
әкімдігінің 2023 жылғы
"6" қыркүйектегі № 204
қаулысына қосымша

"Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) Махамбет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің мынадай ведомстволары бар:

      1) "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бөлімнің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай Құнанбаев көшесі №13 үй.

      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіліктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлім заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасынд өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Бөлімнің мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және өзге де органдардан ақпарат сұратуға және өтеусіз негізде алуға;

      Өз құзіреті шегінде ведомстоволық бағынысты мекеменің орындау үшін міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар және өзге де актілер шығару;

      Бөлім қарамағындағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

      Қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттер:

      Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      құзіреті шегінде әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатын іске асырылуын қамтамасыз ету;

      мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау;

      азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;

      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттік мекемеге жүктелген өзге де міндеттер.

      15. Функциялары:

      1) жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау, өңірдің және облыстың жергілікті атқарушы органына хабарлау;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;

      3) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;

      4) ұлттық жобалар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыс орындарын құруды қолдау;

      6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      7) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асыру;

      8) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;

      9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды жүзеге асыру;

      10) бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда қосымша төлемді жүргізу;

      11) жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыру;

      12) ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау жұмыстарын ұйымдастыру;

      13) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қолдану;

      14) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      15) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз ету;

      16) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;

      17) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      18) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

      19) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

      20) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдау;

      21) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      22) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;

      23) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;

      24) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

      25) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету;

      26) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік көмек шараларын ұсыну;

      27) Қазақстан Республикасының заңнамасында аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді.

      28) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;

      29) "Парыз" , "Еңбек жолы" конкурстарын ұйымдастыру;

      30) Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөнінде тұракты әрекеттегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

      31) соғыс және еңбек ардагерлері мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      32) кәмелеттік жасқа толған, іс әрекетіне қабілетсіз адамдарға қатысты қорғаншық және қамқоршылық тағайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      33) 1941 жылғы 22 маусым -1945 жылғы 9 мамыр кезеңіндегі кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдардың жұмыс стажын белгілеу аудандық комиссия жұмысын ұйымдастыру;

      34) Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

      35) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру";

      36) Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

      37) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

      38) Есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектігі бар құжаттарды ресімдеу;

      39) Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

      40) Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар -балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

      41) Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

      42) Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

      43) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

      44) Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;

      45) өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;

      46) ақталған адамға куәлік беру;

      47) тұрғын үй көмегін тағайындау;

      48) Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру;

      49) мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті, лимиттердің жұмсалуын, әкімшілік бағдарламалардың шығыстар сметаларының орындалуын, бухгалтерлік есептің бюджеттік сыныптамасының дұрыс жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау;

      50) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру (мақалалар жариялау, дөңгелек үстелдер өткізу және т.б.).

      51) өндірістік процестерді тұрақтандыру, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумды жасақтау жұмысын ұйымдастыру;

      52) Бөлімде атқарылған жұмыстарды интернет-ресурсқа, ақпарат құралдарына орналастыру, жаңғыртып отыру;

      53) мүгедектігі бар адамдардың құқығын қамтамасыз етудегі оларға кедергісіз орта құру бойынша жұмыстар жүргізу, аудан бойынша мүгедектердің объектілерге қол жетімділігін қамтамасыз етуде әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін паспорттау, тізімдеу және қолжетімді интерактивті картасына орналастыру ;

      54) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

3-тарау. Бөлімнің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімде басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлімнің бірінші басшының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары және мамандары болады.

      19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) аудан әкімдігінің бекітуіне Бөлімнің Ережесін және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағыныстағы ұйым басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Бөлмінің қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйым басшысын мадақтайды, материалдық көмек көрсетеді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      5) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бөлімнің мүддесін қорғайды және Бөлімнің мүддесін қорғау құқығына сенім хат береді;

      6) Бөлімнің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;

      8) өз құзыретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарының, қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Бөлімнің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бөлім және ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады