"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 22 маусымдағы қорытындысы негізінде және Махамбет ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
1. Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі Махамбет ауылы "Мерей" шағын ауданындағы көшелерге келесі атаулар берілсін:
№ 35 көшеге – Тұхфат Әбішев көшесі;
№ 38 көшеге – Қырықбай Бекбаев көшесі;
№ 39 көшеге – Мәлік Нағиымұлы көшесі;
№ 40 көшеге – Қожа Оразалиев көшесі;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Ауылдық округі әкімі | Р. Әженов |