"Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 22 маусымдағы қорытындысы негізінде және Аққыстау ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) № 1 көшеге "Қуанғали Ихаровтың" есімі;
2) № 2 көшеге "Мұхамеджан Тынышбайұлының" есімі;
3) № 3 көшеге "Мақсұт Неталиевтың" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Г. Боранбаев |