"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 14 сәуірдегі қорытындысы негізінде және Тұщықұдық ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) №6 көшеге "Жанай Беркалиевтің" есімі;
2) №7 көшеге "Мұхит Жүнісовтың" есімі;
2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | А. Бекішұлы |