Қызылқоға ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 тамыздағы № 6-1 шешімі

      Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабының 3- тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылқоға ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылқоға аудандық
мәслихатының төрағасы
Т.Е. Бейсқали

  Қызылқоға аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
14 тамыздағы № 6-1
шешіміне қосымша

Қызылқоға ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (Қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын айына

165,17‬

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

180,00

Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

1 186,81


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады