"Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 75 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы "Азаматтық кодексінің 42, 105-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңының 22-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі құрылсын және қоса берілген ережесі бекітілсін.

      2. "Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.Тилепкалиева) және "Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г.Қонасова) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын барлық шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Мурзинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д. Шамұратов

  Аудан әкімдігінің
2023 жылғы "24" мамырдағы
№ 75 қаулысына қосымша

"Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мемлекеттік мекеме) әлеуметтік, мәдени, білім беру және ғылыми функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      2. Мекеменің түрі – Мемлекеттік.

      3. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Индер ауданы әкімдігі болып табылады.

      4. "Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      5. "Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индекс 060200, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Н. Меңдіғалиев көшесі № 47.

      7. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

      мемлекеттік тілде - "Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі.

      орыс тілінде - Государственное учреждение "Индерская районная централизованная библиотечная система".

      8. Мемлекеттік мекеме 13 кітапхананы қамтиды. Орталықтандырылған жүйеге кіретін кітапханалар мемлекет меншігі болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

      9. Мекеме ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.

      10. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

      11. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.

      12. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

      13. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

      14. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні Егеменді Қазақстанның саясатын насихаттау.

      15. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының мәдени, кәсіби жалпылама білім дәрежелерін көтеруге ықпал ету болып табылады.

      16. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) Барлық жүйенің негізгі орталық кітапханасының қызметін атқарады;

      2) Барлық кітапханалардың қызметіне басшылық етеді;

      3) Орталықтандырылған жүйенің жұмысының жоспарын және есептерін жасақтайды және оларды бекітілген мерзім ішінде уәкілетті орган және облыстық кітапханалардың қарауына және бекітуіне ұсынады;

      4) Жаңа әдебиеттерді толықтыру мен өңдеуді бір орталықтан жүзеге асырады;

      5) Есепті және оның кітапханалар мен филиалдарына оперативті түрде жеткізуін қамтамасыз етеді;

      6) Барлық орталық кітапханалық жүйенің оқырмандарының пайдалануына орталық каталогтар мен картотекаларды жасақтайды;

      7) Филиалдар кітапханаларының көркем-безендіру жұмыстарына көмектеседі, оларды кітапханалық техникалық құрылғылар мен қамтамасыз етеді;

      8) Оқырмандар қорды толығымен пайдалану мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі, оқырман сұраныстарын зерттеп, қанағаттандырады;

      9) Кітапхананың міндеттеріне сәйкес оқырмандардың оқуға қызығушылығын қалыптастыруға ықпал ету, кітапханаға тұрғындардың әр түрлі топтарын кеңінен тартудың шараларын алады;

      10) Кітапханалық-библиографиялық, анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетуді және кітапты насихаттауды жақсарту, осы мақсатты оқырмандармен жеке және бұқаралық жұмыстың әртүрлі нысандарын пайдаланады;

      11) Жинақталған білімді адамзат жадында құжаттар және дәстүрлі емес ақпарат тасығыштар түрінде сақтайды;

      12) Мемлекеттік мекемеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

      17. Мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле уәкілетті органның немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

      18. Мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

4. Мемлекеттік мекемені басқару

      19. "Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      20. "Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      21. "Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

      2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      4) мемлекеттік мекеме ережесін бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      5) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

      6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

      7) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

      8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

      9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

      10) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

      11) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

      12) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың озге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      13) банк шоттарын ашады және мекеме қаржысына және оның жұмсалуына жауап береді;

      14) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      15) мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      16) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;

      17) өз орынбасарының және мемлекеттік мекеменің озге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;

      18) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      22. Мемлекеттік мекеменің мүлік құнын оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

      23. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

      24. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті бюджеттің есебіне жатқызылады.

      25. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметі жергілікті бюджеттің есебінен қаржыландырады.

      26. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

6. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      27. Мемлекеттік мекеменің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылтайшының шешімі бойынша енгізіледі.

      28. Мемлекеттік мекеме бұл туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 42-бабына сәйкес тіркеуші органға бір ай мерзімде хабарлайды.

7. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

      29. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

      30. Мемлекеттік мекеменің мынадай филиалдары мен өкілдіктері бар:

      1) Аудандық балалар кітапханасы - Ф№2

      2) Бөдене ауылдық кітапханасы - Ф №3

      3) Жарсуат ауылдық кітапханасы - Ф №4

      4) Құрылыс ауылдық кітапханасы - Ф №5

      5) Елтай ауылдық кітапханасы - Ф №6

      6) Аққала ауылдық кітапханасы - Ф №7

      7) Есбол ауылдық кітапханасы - Ф №8

      8) Ынтымақ ауылдық кітапханасы - Ф №9

      9) Өрлік ауылдық кітапханасы - Ф №10

      10) Көктоғай ауылдық кітапханасы - Ф №11

      11) Барлаушы кітапханасы - Ф №12

      12) "Арыс" кітапханасы - Ф №13

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады