Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 42 бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы, 37 бабының 8 тармағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ереже, Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 139 "Құрманғазы ауданының кейбір жергілікті атқарушы органдарын қайта құру туралы" қаулысына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 215 "Атырау облысы Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" және Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 216 "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулылары жойылсын.
3. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындаған еңбек қатынастарын және мүліктерді қалыптастыратын шараларды қабылдасын, сондай-ақ мемлекеттік мекемені мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Н. Калиев |
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы "27" маусымдағы № 171 қаулысымен бекітілген қосымша |
"Атырау облысы Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі бөлімі) –Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, сауда, туризм,индустриялық-инновациялық саясат, инвестициялар мен сыртқы экономикалық байланыс салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 060400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Смағұл Көшекбаев көшесі, 2.
10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
Кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын және туризмді қолдау мен дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру, аудан аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасау;
ауданның агроөнеркәсiптiк кешенiн, ауылдық аумақтарда ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік реттеу.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Құрманғазы ауданы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен, өзге атқарушы органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, мекемелермен және ұйымдармен өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
белгіленген тәртіппен аудандық атқарушы органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, мекемелер мен ұйымдардан бөлімнің өз функциясын жүзеге асыру үшін қажетті статистикалық және есептік деректерді, басқа материалдар мен мәліметтерді сұрату және алу;
мекеменің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша әдістемелік материалдар мен ұсынымдарды әзірлеу, сондай-ақ нұсқамалар, семинарлар мен кеңестер өткізу;
белгіленген тәртіппен бөлімнің құзыретіне кіретін ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін әзірлеуге, қарауға және келісуге қатысу;
бөлім өз құзыреті шегінде әкімшілік істерді қарауға және хаттамалар мен қаулылар қабылдауға құқылы.
2) міндеттері:
бұқаралық ақпарат құралдарына бөлімнің қызметі туралы ақпарат беру;
қажет болған жағдайда ведомствоаралық комиссиялар, кеңестер мен сарапшылар топтарын құру;
белгіленген тәртіппен аудан әкіміне бөлім құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар, шешімдер және өкімдер жобаларын әзірлеу;
аудан әкімінің тапсырмасы бойынша бөлімнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының
басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерінде аудан әкімдігінің мүддесін білдіреді;
агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу азық-түлік қауiпсіздiгін, агроөнеркәсіптік кешен өнiмi нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз ету, кәсіпкерлiктің тиiмдi жүйесiн құру, отандық өнiмнiң бәсекелестiк артықшылығын қолдау, сондай-ақ, өсiмдiк шаруашылығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын дамыту және техникалық жарақтандыру мен басқа да iлеспе қызмет салаларын қамтамасыз ету;
бөлімге жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету;
аудан әкімдігінің алдында өз қызметінің нәтижелері туралы есеп береді.
15. Функциялары:
1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асыру;
2) өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
3) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
4) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
5) өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыру;
6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді қамтамасыз ету;
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына беру;
8) аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіру;
10) балалар және жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдем көрсету;
11) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру;
12) аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізу;
13) аттракциондардың, балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіз пайдалануына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
14) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн Қазақстан Республикасының заңдарына және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
15) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
16) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны ауданның, облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
17) ауданда азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың, ауданның жергілікті атқарушы органдарына (әкiмдiгіне) есептілік ұсыну;
18) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру;
19) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асыру;
20) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
21) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тұқымдық және жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі, маусымдық ауыл шаруашылығы науқандарының тиімділігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға тұқым шаруашылығы жөнінде жұмыстар жүргізуіне жәрдем көрсетеді;
23) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;
24) ауыл шаруашылық өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысады;
25) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізеді;
26) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту бойынша ұсыныстар енгізеді;
27) заңнамамен белгіленген тәртіпте балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық ресурстарын пайдаланушыларға бекітіп беру және балық шаруашылығының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу бойынша ұсыныстар енгізеді;
28) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
29) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
30) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
31) рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;
32) балық өнімінің ассортименті бойынша өңірлік жәрмеңкелер, көрмелер ұйымдастырады;
33) балық ресурстарының және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
34) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру, мемлекеттік нөмірлік белгі беру, арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу, жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу, ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру;
35) белгіленген тәртіп бойынша хаттарды, өтініштерді, ұсыныстарды және арыздарды қарау.
3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Бөлімді басқаруды басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
18. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19. Бөлім басшысының өкілеттіктері:
бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
бөлім мамандарының лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
бөлім атынан шарттар жасасады, шарттарға, бөлім бойынша алынатын бұйрықтарға қол қояды;
бөлім туралы Ережені дайындайды және оны бекітуге ұсынады;
аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде бөлімнің штаттық кестесін, сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;
бөлім жұмысы туралы аудан әкімі аппаратына және облыстық басқармаға есеп береді;
мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық жасауының әрбір фактісі бойынша қызметкермен бірге басшы тікелей жауапкершілікте болады;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық әрекеттер анықталған кезде аудан әкімі аппаратына дереу хабарлайды.
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
21. Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы немесе лауазымды тұлға басқарады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.