Кейбір коммуналдық мемлекеттік мекемелерді кайта атау туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 шілдедегі № 209 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 42-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына, 37 бабының 8 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 14 шілдедегі № 141-VII Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережесіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 1202 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгілік жарғысына, аудан әкімінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 2 "Құрманғазы ауданының әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы туралы" өкіміне, Құрманғазы аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 225-VII "Құрманғазы ауданының әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын бекіту туралы" шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес кейбір коммуналдық мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.

      2. Қоса беріліп отырған "Атырау облысы Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі 2 қосымшаға және "Атырау облысы Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Атырау облысы Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы 3 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      3. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 239 "Атырау облысы Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауын "Атырау облысы Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне өзгерту туралы" қаулысы, аудан әкімдігінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 154 "Атырау облысы Құрманғазы ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Атырау облысы Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы қаулысының қосымшасымен бекітілген Жарғысы жойылсын.

      4. Мемлекеттік мекемелерді қайта тіркеуден өткізуді және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды ұйымдастыру мемлекеттік мекемелердің басшыларына жүктелсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, оның алғашқы ресми жаряланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылдың 1 шілдесінен пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.

      Аудан әкімі А. Жангалиев

  Аудан әкімдігінің 2023 жылғы
"24" шілдедегі № 209 қаулысына
1 қосымша

Қайта аталатын комуналдық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауы - "Атырау облысы Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      2. "Атырау облысы Құрманғазы ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы - "Атырау облысы Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

  Аудан әкімдігінің 2023 жылғы
"24" шілдедегі № 209 қаулысымен
бекітілген 2 қосымша

"Атырау облысы Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-бөлім) аудан бойынша халықты әлеуметтік қолдау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің мынадай ведомствосы бар:

      1) "Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 060400, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Болашақ көшесі 40.

      10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге кәсіпкерлік субьектілерімен бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Құрманғазы ауданының халқын жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1. құқықтары:

      1) әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын:

      2) аудандағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және облыстық еңбек мобильдігі орталығына хабарлауға;

      3) белгіленген тәртіппен халықты жұмыспен және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізуге;

      4) өзіндік ақпараттық-анықтамалық бюллетендер, плакаттар, буклеттер шығаруға, жарнама тақталар жасақтауға;

      5) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауда өз құзырына кіретін Қазақстан Республикасының заңдылықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында тиісті органдарға ұсыныстар беруге құқылы.

      2. Міндеттері:

      1) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;

      2) аудан әкімінің аппаратымен және басқа да мемлекеттік органдармен, бірлесіп, аудандық бағдарламаларды және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеу және талдау;

      3) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобасын әзірлеу және сараптама жасау;

      4) жұмыспен қамту, соғыс және еңбек ардагерлерін, азаматтардың басқа да әлеуметтік осал санаттарын әлеуметтік қорғау саласындағы заңдарды іске асыруды бақылау және қамтамасыз ету;

      5) аудан тұрғындарының еңбек етуге, мемлекеттік қолдау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызмет көрсетуде конституциялық құқықтарын және мүддесін іске асыру;

      6) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;

      7) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы мемлекттік саясатты іске асыруда жұмыс берушілер өкілдерімен, қызметкерлермен және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыс жасау;

      8) халықтың көші-қоны саласындағы жұмыстарды іске асыру.

      15. Функциялары:

      1) ұлттық жобалар, жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      2) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның жұмыс орындарын құруды қолдау;

      3) жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      4) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асыру;

      5) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау ;

      6) халықты әлеуметтік осал санаттары үшін қосымша жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу;

      7) жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін кәсіпкерлікті, орта және шағын бизнесті дамытуға жәрдемдесу;

      8) өздерінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметті ұсынатын субьектілерді құру және олардың қызметін реттеуі;

      9) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субьектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;

      10) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      11) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

      12) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

      13) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;

      14) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      15) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;

      16) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;

      17) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

      18) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету;

      19) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік көмек шараларын ұсыну;

      20) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді.

      21) халықты жұмыспен қамтудың аудандық бағдарламаларын, индикативтік жоспарлар мен халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге және халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

      22) халықтың өмір сүру деңгейін анықтайтын мінездемелерді талдау;

      23) мүгедектігі бар адамдарды оңалту жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеп, іске асыру;

      24) соғыс және еңбек ардагерлері мен мүгедектігі бар адамдарын әлеуметтік қолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      25) мүгедектігі бар балалары бар жанұяларға, жалғыз басты қарттар және мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстарын бақылау;

      26) мүгедектігі бар балаларды және жалғыз басты қарт азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарды анықтап есебін жүргізудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;

      27) еңбек ардагерлерін, мүгедектігі бар адамдар мен басқа да әлеуметтік-осал санаттардағы азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы іске асыруды қамтамасыз ету және бақылауды жүзеге асыру;

      28) жалғыз басты азаматтарды және мүгедектігі бар адамдарды, соғыс және еңбек ардагерлерін интернат үйлеріне, пансионаттар мен санаторияларға жолдамамен жіберу туралы өтініштерін қарау және шешімдер қабылдау;

      29) мүгедектігі бар адамдарды арнайы қозғалыс құралдарымен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, сурдо-тифло техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар мүгедектігі бар адамдар мен ардагерлерді санаториялық-курортық емдеумен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді ұйымдастыру.

      30) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне әлеуметтік бағдарламаларды шешуде көмектер көрсету және олардың қызметтерін үйлестіру;

      31) семинарларға, кеңестерге, ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесулерге талдау материалдарын, баяндамалар дайындау;

      32) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі бағдарламалар кешенін пайдаланудың тиімділігіне бақылау жасау;

      33) ауылдық округтер бойынша ақпараттық мәліметтер базаларының тұтастығын қамтамасыз ету, мәліметтер базасында анықталған сәйкессіздігі мен бұзылуын жою;

      34) бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін материалдар дайындау;

      35) бюджеттік бағдарламадардың төлқұжаттарын әзірлеу және оларды бекітуге ұсыну;

      36) бөлім аппаратына бухгалтерлік есепті, лимиттердің жұмсалуын, әкімшілік бағдарламалардың шығыстар сметаларының орындалуын, бухгалтерлік есептің бюджеттік сыныптамасын және дұрыс жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау;

      37) бөлім құзыретіне жататын мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау;

      38) бөлімнің кадр қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі шараларлы ұйымдастыру және жүргізу;

      39) Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      40) өз құзіреті шегінде бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын орындау, оған мониторинг жүргізу, есебін уақытылы шығарып ұсыну;

      41) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;

      42) әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөнінде аудандық үшжақты комиссияның жұмысын үйлестіру;

      43) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;

      44) жергілікті өкілді органдар қабылдаған нормативтік актілерге сәйкес әлеуметтіктерді тағайындауды және төлеуді ұйымдастыру;

      45) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;

      46) атаулы әлеуметтік көмегін тағайындау және төлеу;

      47) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;

      48) жұмыс орындарынан қысқарып келген және жұмысқа жарамды мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру;

      49) бөлімнің істеліп отырған жұмыстарынан интернет-ресурсқа ақпараттар орналастырып, жаңғыртып отыру;

      50) еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру.

3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімді басқаруды бөлім басшысы жүзеге асырады ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары және мамандары болады.

      19. Бөлім басшысының өкілеттіктері:

      1) өзінің қызметкерлерінің құзыреті мен міндеттерін анықтайды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      4) бөлім атынан шарттар жасасады, өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      5) бөлім туралы ережені дайындайды және оны бекітуге ұсынады;

      6) аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде бөлімнің штаттық кестесін, сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      7) бөлімнің жұмысы туралы аудан әкімінің аппаратына және облыстық басқармаға есеп береді;

      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүдесін білдіреді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

      10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің міндеттерінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады