БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 9 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Департаменттің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Жанайдар Жирентаев көшесі, 18 үй.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республиқалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Департаменттің орналасқан жері: 161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағым ауданы, 32-көше, 16 ғимараты.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" республиқалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Департаменттің орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Көктем шағын ауданы, 10 ғимарат.".
2. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 508-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Департаменттің орналасқан жері: 071400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Абай көшесі 99.".
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаменті:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің басшылары, заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістерді уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаққалиев |