"Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 - бабы 5 - тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1 - қосымшаға сәйкес "Жаттықтырушы" кәсіптік стандарты;
2) осы бұйрыққа 2 - қосымшаға сәйкес "Спорт жаттықтырушы-оқытушысы" кәсіптік стандарты;
3) осы бұйрыққа 3 - қосымшаға сәйкес "Спорт төрешісі" кәсіптік стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Маржықпаев |
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы " " ___________ № бұйрығына 1-қосымша |
"Жаттықтырушы" кәсіптік стандарты
1- тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы: "Жаттықтырушы" кәсіптік стандарты (бұдан әрі – кәсіптік стандарт) "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымдары қызметкерлері мен түлектерінің кәсіптік біліктілігін тануға және персоналды басқару саласындағы міндеттердің шешуге бағытталған, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі саласында қолданылады.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) білім – кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
2) дағды – кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;
3) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы – спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін бәсекелес қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;
4) информалды білім – білім беру ұйымдарынан және білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардан тыс күнделікті қызмет барысында алынатын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат берілмей жүргізілетін білім беру түрі;
5) кәсіп – жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;
6) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;
7) кәсіптік біліктілікті тану – кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау және ол туралы шешім қабылдау рәсімі;
8) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышы – Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын кәсіптердің атауларын көрсететін және оларды орындалатын жұмыстардың түріне сәйкес дағды деңгейі мен оған мамандану бойынша сыныптайтын стандарттау жөніндегі құжат;
10) құзырет – еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіптік міндетті орындауға мүмкіндік беретін дағдыны қолдану қабілеті;
11) машық – кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;
12) салалық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
13) Ұлттық біліктілік жүйесі – біліктілікке еңбек нарығы тарапынан сұранысты және біліктілікке білім беру, оның ішінде информалды білім беру жүйесі тарапынан ұсынысты реттеу мен келісудің құқықтық және институционалдық құралдары мен тетіктерінің кешені;
14) формалды емес білім беру – оқыту орны, мерзімдері мен нысаны ескерілмей, білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жоспарлаған, ұйымдастырған және жүзеге асыратын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат беріле отырып жүргізілетін білім беру түрі.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:
1) БА – басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамасы;
2) ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет тұрлерінің жалпы жіктеуіші;
3) БТБА – бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
4) СБШ – салалық біліктілік шеңбері.
2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты
4. Кәсіптік стандарттың атауы: "Жаттықтырушы".
5. Кәсіптік стандарттың коды: R93190.
6. ЭҚЖЖ сәйкес бөлімнің, топтың, сыныптың және кіші сыныптың атаулары:
R Өнер, ойын-сауық және демалыс:
93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;
93.1 Спорт саласындағы қызмет;
93.11 Спорт имараттарын пайдалану;
93.11.0 Спорт имараттарын пайдалану.
R Өнер, ойын-сауық және демалыс:
93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;
93.1 Спорт саласындағы қызмет;
93.12 Спорт клубтарының қызметі;
93.12.0 Спорт клубтарының қызметі.
R Өнер, ойын-сауық және демалыс:
93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;
93.1 Спорт саласындағы қызмет;
93.13 Фитнес-клубтардың қызметі;
93.13.0 Фитнес-клубтардың қызметі.
R Өнер, ойын-сауық және демалыс:
93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;
93.1 Спорт саласындағы қызмет;
93.19 Спорт саласындағы өзге қызмет;
93.19.0Спорт саласындағы өзге қызмет.
7. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: Тұрақты жаттығулар өткізу және спорттық жарыстарды ұйымдастыру кезінде спортшыларды даярлау мен оқытуды жүзеге асыру. Тұрақты спорттық жетілдіру және жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін перспективалы спортшыларды іріктеуді жүзеге асыру
8. Кәсіптер карточкаларының тізбесі:
Жаттықтырушы - СБШ 5-деңгейі.
3-тарау. Кәсіптер карточкалары
9. Кәсіп карточкасы "Жаттықтырушы": | |||
Топтың коды: | 3422-1 Жаттықтырушы | ||
Код атауы: | 3422-1-009 | ||
Кәсіптің атауы: | Жаттықтырушы | ||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 5 | ||
СБШ бойынша біліктіліктің ішкі деңгейі | 5.1 | ||
БТБА, БА үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі: | "Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14052 болып тіркелген). | ||
Кәсіби білім деңгейі: |
Білім деңгейі: |
Мамандық: | Біліктілік: |
Формалды емес және информалы біліммен байланыс: | талап етілмейді | ||
Кәсіптің басқа мүмкін атаулары: |
3422-1-010 Спорт жаттықтырушы-оқытушысы | ||
Қызметтің негізгі мақсаты: | Спорттық нәтижелерге жету үшін спорттық дайындықтан өтетін спортшылар мен жеке тұлғалардың спорттық әлеуетін қалыптастыру, дамыту және қолдау | ||
Еңбек функцияларының тізбесі: | Міндетті еңбек функциялары: |
1. Дайындалушыларды спорт түрлері (тобы) бойынша даярлау. | |
Қосымша еңбек функциялары: | - | ||
1- Еңбек функциясы: |
1 - дағды: | Машықтар: | |
1. Балаларға, жасөспірімдерге және жастарға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын, сауықтыру жаттығуларының құндылығын түсіндіру. | |||
Білімдер: | |||
1. Спорт түріндегі қозғалыс қызметінің биомеханикасы. | |||
2 - дағды: | Машықтар: | ||
1. Спорттық дайындықтың стандартының талаптарын, дене шынықтыру теориясының ережелерін, жүктеменің физиологиялық сипаттамаларын, анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктерін және әр түрлі жыныстағы және жастағы оқушылардың дайындық деңгейін, материалдық-техникалық жабдықтарды, ауа-райы мен гигиеналық жағдайларды ескере отырып, жалпы дене шынықтыру және арнайы дайындық сабақтарының мазмұнын жоспарлау. | |||
Білімдер: | |||
1. Дене шынықтыру теориялары мен әдістері. | |||
2 - Еңбек функциясы: |
1 - дағды: | Машықтар: | |
1. Спорттық дайындық стандарттарына сәйкес бастапқы дайындық топтарына түсушілердің дайындығын бағалау әдістері мен әдістерін қолдану. | |||
Білімдер: | |||
1. Адам анатомиясы. | |||
2 - дағды: | Машықтар: | ||
1. Бастапқы дайындық топтарын жинақтаудың әдістемелік негіздемесі үшін нормативтерді тапсыру нәтижелерін пайдалану. | |||
Білімдер: | |||
1. Жеке спорттық бейімділікті диагностикалау критерийлері мен әдістері. | |||
3 - Еңбек функциясы: |
1 - дағды: | Машықтар: | |
1. Стандарт талаптарын ескере отырып, жалпы дене шынықтыру және арнайы дайындық бойынша сабақтардың мазмұнын жоспарлау; | |||
Білімдер: | |||
1. Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі; | |||
2 - дағды: | Машықтар: | ||
1. Оқушыны даярлау бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сүйене отырып, жалпы дене шынықтыру және арнайы даярлықтың міндеттерін анықтау; | |||
Білімдер: | |||
1. Спорт түріндегі спорттық жаттығулардың мазмұны; | |||
Дағдыларын тану мүмкіндігі | - | ||
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар |
Жауапкершілік. | ||
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар тізбесі | - | ||
СБШ-нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс | СБШ деңгейі | Кәсіп атауы | |
- | - |
4-тарау. Кәсіптік стандарттың техникалық деректері
10. Мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі.
Орындаушы:
Шакенова Г.Б., + 77074201409, g.shakenova@tsm.gov.kz.
11. Әзірлеуге қатысатын ұйымдар (кәсіпорындар): "Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орындаушы:
Н. Бексұлтанов, 7 (7172) 95-42-01, n.bek@mail.ru.
12. Дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес, 20.09.2023 жылғы № 1 хаттама.
13. Кәсіптік біліктілік бойынша Ұлттық орган: 15.09.2023 жылғы № 2907.
14. Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы: 11.09.2023 жылғы № 12233/26.
15. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: 1, 2023 жыл.
16. Қайта қарау күні: 31.12.2026 жыл.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы " " ___________ № бұйрығына 2-қосымша |
"Спорт жаттықтырушы-оқытушысы" кәсіптік стандарты
1- тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы: "Спорт жаттықтырушы-оқытушысы" кәсіптік стандарты (бұдан әрі – кәсіптік стандарт) "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 - бабы 5 -тармағына сәйкес әзірленді, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымдары қызметкерлері мен түлектерінің кәсіптік біліктілігін тануға және персоналды басқару саласындағы міндеттердің шешуге бағытталған, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі саласында қолданылады.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) білім – кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
2) дағды – кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;
3) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы – спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін бәсекелес қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;
4) информалды білім – білім беру ұйымдарынан және білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардан тыс күнделікті қызмет барысында алынатын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат берілмей жүргізілетін білім беру түрі;
5) кәсіп – жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;
6) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;
7) кәсіптік біліктілікті тану – кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау және ол туралы шешім қабылдау рәсімі;
8) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышы – Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын кәсіптердің атауларын көрсететін және оларды орындалатын жұмыстардың түріне сәйкес дағды деңгейі мен оған мамандану бойынша сыныптайтын стандарттау жөніндегі құжат;
10) құзырет – еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіптік міндетті орындауға мүмкіндік беретін дағдыны қолдану қабілеті;
11) машық – кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;
12) салалық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
13) Ұлттық біліктілік жүйесі – біліктілікке еңбек нарығы тарапынан сұранысты және біліктілікке білім беру, оның ішінде информалды білім беру жүйесі тарапынан ұсынысты реттеу мен келісудің құқықтық және институционалдық құралдары мен тетіктерінің кешені;
14) формалды емес білім беру – оқыту орны, мерзімдері мен нысаны ескерілмей, білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жоспарлаған, ұйымдастырған және жүзеге асыратын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат беріле отырып жүргізілетін білім беру түрі.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:
1) БА – басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамасы;
2) ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет тұрлерінің жалпы жіктеуіші;
3) БТБА – бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
4) СБШ – салалық біліктілік шеңбері.
2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты
4. Кәсіптік стандарттың атауы: "Спорт жаттықтырушы-оқытушысы".
5. Кәсіптік стандарттың коды: R93190.
6. ЭҚЖЖ сәйкес бөлімнің, топтың, сыныптың және кіші сыныптың атаулары:
R Өнер, ойын- және демалыс:
93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет сауық;
93.1 Спорт саласындағы қызмет;
93.11 Спорт имараттарын пайдалану;
93.11.0 Спорт имараттарын пайдалану.
R Өнер, ойын-сауық және демалыс:
93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;
93.1 Спорт саласындағы қызмет;
93.12 Спорт клубтарының қызметі;
93.12.0 Спорт клубтарының қызметі.
R Өнер, ойын-сауық және демалыс:
93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;
93.1 Спорт саласындағы қызмет;
93.13 Фитнес-клубтардың қызметі;
93.13.0 Фитнес-клубтардың қызметі.
R Өнер, ойын-сауық және демалыс:
93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;
93.1 Спорт саласындағы қызмет;
93.19 Спорт саласындағы өзге қызмет;
93.19.0Спорт саласындағы өзге қызмет.
7. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: Тұрақты жаттығулар өткізу және спорттық жарыстарды ұйымдастыру кезінде спортшыларды даярлау мен оқытуды жүзеге асыру. Тұрақты спорттық жетілдіру және жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін перспективалы спортшыларды іріктеуді жүзеге асыру.
8. Кәсіптер карточкаларының тізбесі:
Спорт жаттықтырушы-оқытушысы - СБШ 5-деңгейі.
3-тарау. Кәсіптер карточкалары
9. Кәсіп карточкасы "Спорт жаттықтырушы-оқытушысы": | ||
Топтың коды | 3422-1 Спорт жаттықтырушы-оқытушысы. | |
Код атауы | 3422-1-010 | |
Кәсіптің атауы | Спорт жаттықтырушы-оқытушысы. | |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 5 | |
СБШ бойынша біліктіліктің ішкі деңгейі | 5.1 | |
ЖБТА, БА бойынша біліктілік деңгейі, үлгілік біліктілік сипаттамалары | "Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14052 болып тіркелген). | |
Кәсіби білім деңгейі | Орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат) | |
Формалды емес және информалы біліммен байланыс | қажет емес | |
Кәсіптің басқа мүмкін атаулары |
3422-1-009 Жаттықтырушы | |
Қызметтің негізгі мақсаты | Спортшылармен жаттығу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу және спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спортшылардың бәсекелес қызметіне басшылықты жүзеге асыру; негізгі білім беру және қосымша жалпы білім беру бағдарламалары бойынша дене шынықтыру пәні саласын оқыту; жеке тұлғаны дене шынықтыру, дене шынықтыру және спорт саласында білім, білік пен дағдыларды игеру, дене шынықтыру жетілдіру, салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыру, дене шынықтыру балалар мен ересектердің денсаулығы | |
Еңбек функцияларының тізбесі: | Міндетті еңбек функциялары: |
1. Дене шынықтыру және спорт сабақтарының мазмұнын жоспарлау. |
Қосымша еңбек функциялары: | - | |
1-Еңбек функциясы: |
1-дағды: | Машықтар: |
1. Іске асырудың ұзақтығы мен көлемін жоспарлау: спорт түрі бойынша спорттық даярлау бағдарламалары, негізгі білім беру бағдарламасы, қосымша жалпы дамыту бағдарламасы, қосымша кәсіптік алдындағы бағдарлама. | ||
Білімдер: | ||
1. Спорттық дайындықтың спорттық-сауықтыру кезеңіндегі дайындық түрлері бойынша жаттығу процесінің мазмұны мен көлемдерінің арақатынасы. | ||
2-дағды: | Машықтар: | |
1. Спортшылар мен білім алушыларды спорттық бағдарлау және спорттық іріктеу әдістемелерін таңдау. | ||
Білімдер: | ||
1. Спорттық бағдарлауды ұйымдастыру: | ||
2 - Еңбек функциясы: |
1-дағды: | Машықтар: |
1. Спортшылардың жас ерекшеліктері мен дайындық деңгейін ескере отырып, спорт түрі бойынша спорттық даярлық бағдарламасын іске асыру. | ||
Білімдер: | ||
1. Білім алушылардың жас ерекшеліктері және мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда дене шынықтыру пәні саласындағы білім беру процесінің өзіндік ерекшеліктері. | ||
2-дағды: | Машықтар: | |
1. Элементтерді игеру және қарапайым біртұтас қозғалыс әрекеттерін қалыптастыру үшін жалпы дамыту жаттығулары, Имитациялық жаттығулар, жаттығулар кешені негізінде білім алушылармен жаттығулар өткізу. | ||
Білімдер: | ||
1. Спорттық дайындықтың спорттық-сауықтыру кезеңіндегі дайындық түрлері бойынша жаттығу процесінің мазмұны мен көлемдерінің арақатынасы. | ||
3 - Еңбек функциясы: |
1- дағды: | Машықтар: |
1. Білім алушылардың дене дайындығын бақылау нормативтері мен әдістемелерінің жүйесін пайдалану. | ||
Білімдер: | ||
1. Бастапқы дайындық кезеңіндегі дайындық түрлері бойынша оқу процесінің мазмұны мен көлемінің арақатынасы. | ||
2 - дағды: | Машықтар: | |
1. Сұхбат жүргізу, бастапқы дайындық тобына түсушінің мотивациясы мен психологиялық көңіл-күйін бағалау. | ||
Білімдер: | ||
1. Бастапқы дайындық кезеңіндегі дайындық түрлері бойынша оқу процесінің мазмұны мен көлемінің арақатынасы. | ||
Дағдыларын тану мүмкіндігі | - | |
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар |
Жауапкершілік. | |
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар тізбесі | - | |
СБШ-нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс | СБШ деңгейі | Кәсіп атауы |
5 | Спорт жаттықтырушы-оқытушысы |
4-тарау. Кәсіптік стандарттың техникалық деректері
10. Мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі.
Орындаушы:
Шакенова Г.Б. +7 7074201409, g.shakenova@tsm.gov.kz.
11. Әзірлеуге қатысатын ұйымдар (кәсіпорындар): "Республикалық спорт колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орындаушы: Н. Сыдықов, +7(7273) 76 203, rks@mail.ru.
12. Дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес, 20.09.2023 жылғы № 1 хаттама.
13. Кәсіптік біліктілік бойынша Ұлттық орган: 15.09.2023 жылғы № 2907.
14. Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы: 11.09.2023 жылғы № 12233/26.
15. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: 1, 2023 жыл.
16. Қайта қарау күні: 31.12.2026 жыл.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы " " ___________ № бұйрығына 3-қосымша |
"Спорт төрешісі" кәсіптік стандарты
1- тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы: "Спорт төрешісі" кәсіптік стандарты (бұдан әрі – кәсіптік стандарт) "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымдары қызметкерлері мен түлектерінің кәсіптік біліктілігін тануға және персоналды басқару саласындағы міндеттердің шешуге бағытталған, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі саласында қолданылады.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) білім – кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
2) дағды – кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;
3) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы – спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін бәсекелес қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;
4) информалды білім – білім беру ұйымдарынан және білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардан тыс күнделікті қызмет барысында алынатын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат берілмей жүргізілетін білім беру түрі;
5) кәсіп – жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;
6) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;
7) кәсіптік біліктілікті тану – кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау және ол туралы шешім қабылдау рәсімі;
8) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышы – Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын кәсіптердің атауларын көрсететін және оларды орындалатын жұмыстардың түріне сәйкес дағды деңгейі мен оған мамандану бойынша сыныптайтын стандарттау жөніндегі құжат;
10) құзырет – еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіптік міндетті орындауға мүмкіндік беретін дағдыны қолдану қабілеті;
11) машық – кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;
12) салалық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
13) спорт төрешiсі – спорт төрешiсі – арнайы даярлықтан өткен және тиiстi бiлiктiлiк санатын алған, спорттық iс-шараны ұйымдастырушы спорт түрiнiң қағидаларына және спорттық iс-шараның ережелерiне (регламенттеріне) сәйкес төрелікті қамтамасыз етуге уәкiлеттiк берген жеке адам;
14) Ұлттық біліктілік жүйесі – біліктілікке еңбек нарығы тарапынан сұранысты және біліктілікке білім беру, оның ішінде информалды білім беру жүйесі тарапынан ұсынысты реттеу мен келісудің құқықтық және институционалдық құралдары мен тетіктерінің кешені;
15) формалды емес білім беру – оқыту орны, мерзімдері мен нысаны ескерілмей, білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жоспарлаған, ұйымдастырған және жүзеге асыратын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат беріле отырып жүргізілетін білім беру түрі.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:
1) БА – басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамасы;
2) ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет тұрлерінің жалпы жіктеуіші;
3) БТБА –бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
4) СБШ – салалық біліктілік шеңбері.
2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты
4. Кәсіптік стандарттың атауы: "Спорт төрешісі".
5. Кәсіптік стандарттың коды: R93190.
6. ЭҚТЖЖ сәйкес бөлімнің, топтың, сыныптың және кіші сыныптың атаулары:
R Өнер, ойын-сауық және демалыс:
93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;
93.1 Спорт саласындағы қызмет;
93.11 Спорт имараттарын пайдалану;
93.11.0 Спорт имараттарын пайдалану.
R Өнер, ойын-сауық және демалыс:
93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;
93.1 Спорт саласындағы қызмет;
93.12 Спорт клубтарының қызметі;
93.12.0 Спорт клубтарының қызметі.
R Өнер, ойын-сауық және демалыс:
93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;
93.1 Спорт саласындағы қызмет;
93.13 Фитнес-клубтардың қызметі;
93.13.0 Фитнес-клубтардың қызметі.
R Өнер, ойын-сауық және демалыс:
93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;
93.1 Спорт саласындағы қызмет;
93.19 Спорт саласындағы өзге қызмет;
93.19.0 Спорт саласындағы өзге қызмет.
7. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: Тұрақты жаттығулар өткізу және спорттық жарыстарды ұйымдастыру кезінде спортшыларды даярлау мен оқытуды жүзеге асыру. Тұрақты спорттық жетілдіру және жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін перспективалы спортшыларды іріктеуді жүзеге асыру.
8. Кәсіптер карточкаларының тізбесі:
Спорт төрешісі - СБШ 5-деңгейі.
3-тарау. Кәсіптер карточкалары
9. Кәсіп карточкасы "Спорт төрешісі": | ||
Топтың коды: | 3422-3 Спорт төрешісі | |
Код атауы: | 3422-3-013 | |
Кәсіптің атауы: | Спорт төрешісі | |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 5 | |
СБШ бойынша біліктіліктің ішкі деңгейі | 5.1 | |
ЖБТА, БА бойынша біліктілік деңгейі, үлгілік біліктілік сипаттамалары | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. "Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығы. (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген). | |
Кәсіби білім деңгейі | Орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат) | |
Формалды емес және информалы біліммен байланыс: | қажет емес | |
Кәсіптің басқа мүмкін атаулары: | 3422-3-013 Спорт төрешісі | |
Қызметтің негізгі мақсаты: | Кәсіби стандарт бағалау, аттестаттау, сертификаттау және біліктілікті растау, кадрларды даярлау және қайта даярлау үшін негіз ретінде әзірленеді және пайдаланушылардың кең ауқымында пайдалануға және адамның жеке және кәсіби әлеуетін ашу үшін жағдай жасау. | |
Еңбек функцияларының тізбесі: | Міндетті еңбек функциялары: |
1. Спорттық жарыстарды өткізу шарттарының сақталуын бақылау. |
Қосымша еңбек функциялары: | - | |
1-Еңбек функциясы: |
1-дағды: | Машықтар: |
1. Спорттық жарыс өткізілетін орынды немесе жарыс кезеңін тексеруді орындау, спорттық жарыс өткізілетін орынның спорт түрінің талаптарына, спорттық жарыстардың ережесіне немесе регламентіне сәйкестігін бағалау. | ||
Білімдер: | ||
1. Спорттық жарыстардың ережесі немесе регламенті және бағдарламасы. | ||
2-дағды: | Машықтар: | |
1. Спорттық жарысқа қатысушылар мен ұйымдастырушылар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. | ||
Білімдер: | ||
1. Спорттық жарыстардың ережесі немесе ережесі және бағдарламасы. | ||
2- Еңбек функциясы: |
1-дағды: | Машықтар: |
1. Спорттық жарысқа қатысушылар мен ұйымдастырушылар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. | ||
Білімдер: | ||
1. Спорттық жарыс өтетін орынды жайластыруға қойылатын талаптар. | ||
2-дағды: | Машықтар: | |
1. Ақпараттық және навигациялық стендтердің, планшеттердің, ақпараттық схемалардың жай-күйін бақылау. | ||
Білімдер: | ||
1. Спорттық жарыстарды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары. | ||
3 - Еңбек функциясы: |
1-дағды: | Машықтар: |
1. Спорттық жарыстың салтанатты жиындарында спорттық жарысқа жекелеген қатысушылардың жаттығуларының, кезеңдерінің, жекпе-жектерінің барысы мен нәтижелері туралы, бас төрешілер алқасының шешімдері туралы ақпаратты дұрыс және түсінікті түрде жариялауға. | ||
Білімдер: | ||
1. Спорт түрі бойынша спорт төрешілеріне қойылатын біліктілік талаптары. | ||
2 - дағды: | Машықтар: | |
1. Спорттық жарыс өткізілетін орынды тексеруді орындау, кезеңдердің, белгілеудің, спорттық Мүкәммалдың, өлшеу аспаптарының, дабыл және байланыс жүйелерінің жай-күйін бағалау, спорт түрінің талаптарына және спорттық жарыстың ережесіне немесе регламентіне сәйкес келмейтін фактілерді анықтау. | ||
Білімдер: | ||
1. Спорт түрі бойынша спорт төрешілеріне қойылатын біліктілік талаптары. | ||
Дағдыларын тану мүмкіндігі | - | |
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар |
Жауапкершілік. | |
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар тізбесі | - | |
СБШ-нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс | СБШ деңгейі | Кәсіп атауы |
5 | Спорт төрешісі. |
4-тарау. Кәсіптік стандарттың техникалық сипаттамалары
10. Мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі.
Орындаушы:
Шакенова Г.Б., +7 7074201409, g.shakenova@tsm.gov.kz.
11. Әзірлеуге қатысатын ұйымдар (кәсіпорындар): "Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Орындаушы: М. Торғаев, 8 (775) 1766606, medet.t@mail.ru.