"Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Сатыбалды
      А.Ш.Жетпісбай
      Е.А.Әлімқұлов
      Е.Кенжеханұлы
      Б.Д.Тәжібаев
      Қ.Ә.Қайыпбек
      А.Б.Тасыбаев

  Түркістан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 20 ақпандағы
№ 26 қаулысына қосымша

"Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

1-тарау.Жалпы ережелер

      1. "Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Түркістан облысының денсаулық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауықазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері,Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, № 32 көше, № 20 ғимарат, пошталық индексі 161200.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың құрылтайшысы Түркістан облысы әкімдігі болып табылады.

      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      13. Басқарма кәсіпкерлік субъектілермен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқарама заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Мақсаттары:

      1) азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқығын іске асырылуын қамтамасыз ету;

      2) облыс аумағында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

      3) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету.

      15. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өзіне жүктелген міндеттері мен функциялары шегінде шешімдер қабылдау;

      заңнамада белгіленген тәртіппен өз функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды және ақпаратты сұратып алу, сондай ақ басқа мемлекеттік органдарға ақпарат беру.

      2) міндеттері:

      өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен мәселелерді қарау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма өзінің қарамағындағы бағынысты шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, коммуналдық мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың жарғыларын әзірлеу.

      16. Функциялары:

      1) уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарындағы адамдарды күтіп-бағуға бақылауды жүзеге асырады;

      2) коммуналдық заңды тұлғалар болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді;

      3) адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге шығатын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша ел ішінде жол жүру ақысын төлейді;

      5) денсаулық сақтау ресурстарын тиiмдi жоспарлау мен пайдалануды қамтамасыз етедi;

      6) медициналық көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру жөнiндегi шараларды қабылдайды;

      7) халықтың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз етеді;

      8) денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      9) қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      10) жас мамандарды әлеуметтік қолдау және ұстап қалу шараларын қоса алғанда, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      11) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін салу және дамыту, оларды қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік желісін дамыту және дәріхана қоймаларын құру бойынша шаралар қабылдайды;

      12) Түркістан облысының аумағында денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіреді;

      13) төтенше ахуалдар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етеді;

      14) туберкулезбен ауыратын Қазақстан Республикасының азаматтарын мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімінің орындалуына жәрдемдеседі;

      15) фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы көмек, мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқытуды жүргізеді;

      16) денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандум жасасады және оны іске асырады;

      17) саламатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады;

      18) гигиеналық білім беруді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын және салауатты тамақтануды насихаттау және қалыптастыру;

      19) халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадаға қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы хабардар етеді;

      20) профилактикалық дезинсекция мен дератизацияның (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) тиімділігін бағалай отырып, оларды ұйымдастырады және жүргізеді;

      21) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      22) уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      23) әскери қызметтің мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық комиссияларды құрады және олардың қызметін қамтамасыз етеді;

      24) мектепке дейінгі ұйымдарды, білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарын йодталған ас тұзымен және басқа да йод қосындыларымен байытылған тағамдық өнімдермен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      25) үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және оны бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

      26) паллиативтік медициналық көмекті қоспағанда, паллиативтік көмек беру жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;

      27) "Кәсібі бойынша үздік" аталымын береді;

      28) интерндер мен резидент-дәрігерлерге тұратын және медициналық көмек көрсететін орындарды беруді (егер денсаулық сақтау ұйымы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы бар басқа елді мекенде орналасқан жағдайда) қоса алғанда, интерндер мен резидент-дәрігерлерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің денсаулық сақтау ұйымдарына орналастыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;

      29) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамытуды және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын орындауды жүзеге асырады;

      30) уәкілетті органға денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау бойынша, сондай-ақ денсаулық сақтаудың негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы есепті ұсыну;

      31) денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралардың және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      32) денсаулық сақтау саласында өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      33) статистикалық әдістеменің талаптарын сақтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласында ведомстволық статистикалық байқауларды жүзеге асыру;

      34) денсаулықты нығайтуға, аурулардың профилактикасына, саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;

      35) мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;

      36) уәкілетті органға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметін жақсарту жөнінде, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, ана мен баланы қорғау және әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша бағдарламаны іске асыру жөнінде ұсыныс енгізу;

      37) медициналық бұйымдарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады;

      38) төтенше ахуалдар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етеді;

      39) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;

      40) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      41) денсаулық сақтау саласында кадрлар даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi;

      42) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халыққа медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және емделуін ұйымдастырады;

      43) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;

      44) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;

      45) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және сақтау;

      46) өңірді денсаулық сақтау саласындағы кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      47) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік медициналық ұйымдарды күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз етеді;

      48) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық заңды тұлғалардағы клиникалық базаларды береді;

      49) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

      50) статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;

      51) халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастырады және жүргізеді;

      52) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестациялауды жүргізу;

      53) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерінің, лауазымдық айлық ақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесін бекіту;

      54) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. Басқарма басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      18. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады;

      2) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарма қарамағындағы мекемелердің басшыларына көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

      4) Басқарманың қызметкерлерін және ведомстволық бағыныстағы медициналық ұйымдардың басшылары мен басшылардың орынбасарларын кәсіпорын басшысының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) сенім хат береді;

      6) заңнамалармен, осы ережемен, облыс әкімі мен әкімдігімен оған жүктелген функцияларды жүзеге асырады;

      7) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, осы Ережеге және өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады;

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарма Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және "Мемлекеттік мүлкі туралы" Заңындарында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарма қарамағындағы ұйымдарының тізбесі:

      1) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Облыстық клиникалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      2) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Облыстық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      3) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      4) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Облыстық тері-венерологиялық аурулары диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      5) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Облыстық патологиялық-анатомиялық бюросы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      6) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      7) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Облыстық офтальмологиялық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      8) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "№1 Облыстық перинаталдық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      9) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "№2 Облыстық перинаталдық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      10) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "№3 Облыстық перинаталдық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      11) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Облыстық балалар оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      12) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Жансая" облыстық балалар оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      13) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Облыстық "Балықшы" фтизиопульмонологиялық оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      14) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Ақ-Бұлақ" облыстық балалар оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      15) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Сарыағаш" облыстық балалар шипажайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      16) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Түркістан қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      17) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Түркістан қалалық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      18) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Түркістан қалалық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      19) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      20) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Түркістан жоғары медицина колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      21) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Жетісай медицина колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      22) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Арыс аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      23) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      24) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      25) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Түлкібас аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      26) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Асық ата" Жетісай аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      27) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Атакент" Мақтаарал аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      28) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Мырзакент" Мақтаарал аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      29) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Жетісай аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      30) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Отырар аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      31) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Сайрам аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      32) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Қарабұлақ" Сайрам аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      33) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      34) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Абай" Келес аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      35) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Төлеби аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      36) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Шардара аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      37) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Ордабасы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      38) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Созақ аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      39) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Кентау орталық қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      40) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Кентау қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      41) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Ленгір қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      42) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Ленгір қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      43) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Сауран аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      44) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Арнайы медициналық жабдықтау базасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      45) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      46) Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Облыстық қан орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады