Арыс қаласының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 287 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 7/95-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Арыс қаласы халқының пікірін ескере отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 маусымдағы қорытындысы негізінде Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арыс қаласының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      атауы жоқ көшені — Оймауыт көшесі;

      атауы жоқ көшені — Шаған көшесі;

      атауы жоқ көшені — Шарын көшесі;

      атауы жоқ көшені — Оқжетпес көшесі;

      атауы жоқ көшені — Торғай көшесі;

      атауы жоқ көшені — Баянауыл көшесі;

      атауы жоқ көшені — Ақмешіт көшесі;

      атауы жоқ көшені — Сарайшық көшесі;

      атауы жоқ көшені — Жидебай көшесі;

      атауы жоқ көшені — Арасан көшесі;

      атауы жоқ көшені — Жасөркен көшесі.

      2. Арыс қаласының келесі көшелері қайта аталсын:

      А.Ешназаров көшесі — Сарыарқа көшесі;

      А.Ешназаров көшесі — Үшарал көшесі;

      А.Ешназаров көшесі — Ақбиік көшесі

      А.Ешназаров көшесі — Ұлытау көшесі;

      А.Ешназаров көшесі — Қазығұрт көшесі;

      Жаңаауыл көшесі — Мойынқұм көшесі;

      Өркениет көшесі — Өрнек көшесі;

      Екпінді көшесі — Сығанақ көшесі;

      Абай Құнанбаев көшесі — Роза Бағланова көшесі;

      Шәкәрім Құдайберді көшесі — Хиуаз Доспанова көшесі;

      Тұрар Рысқұлов көшесі — Әзілхан Нұршайықов көшесі;

      Жүсіпбек Аймауытов көшесі — Шерхан Мұртаза көшесі;

      Ахмет Байтұрсынов көшесі — Жұмат Шанин көшесі.

      3. "Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен қаулы мен шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы бірлескен қаулы мен шешімнің ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен қаулы және шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д.Сатыбалды
      Облыстық мәслихат төрағасы Н. Әбішов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады